Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым
Сабақтың тақырыбы
Ботаника — өсімдіктер туралы ғылым. Жер бетіндегі өсімдіктердің көптүрлілігі.
Сабақтың мақсаты
Өсімдіктердің түрлерін, шығу тегін, құрылысын, өсуі мен дамуын зерттейтін биологияның бір саласы — ботаника ғылымы туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабақты өз бетінше іздену арқылы меңгеруіне ықпал ету. Сыни ойлауды дамыту және өз идеяларын дәлелдей алуына жағдай жасау.
Сабақтың міндеттері
- Тақырыптың түйінді идеясын анықтау.
- Жаңа терминдерге мән бере отырып, мәселені бірлесіп шешуге баулу.
- Тәртіп пен ұқыптылыққа үйрету.
Күтілетін нәтиже
- Өсімдіктердің түрлерін, шығу тегін, құрылысын, өсуі мен дамуын меңгереді.
- Ізденуге және тақырыпты өз бетінше түсінуге талпынуды үйренеді.
- Сыни ойлау дағдылары қалыптасып, өз идеясын дәлелдей алуға үйренеді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Оқушылармен сәлемдесіп, ортаға шеңбер бойымен тұруға шақырады.
- Бір-бірімен жағымды жаңалықтарымен бөлісуді ұйымдастырып, жақсы тілектер айтқызады.
- Тақтаға жапсырылған стикерлер арқылы оқушыларды үш топқа бөледі.
Рефлексиялық сұрақтар
- Шеңбер құрып тұрған кезде өздеріңді қалай сезіндіңдер?
- Жақсы тілектер айтудың немесе естудің қайсысы көбірек ұнады? Неліктен?
- Жағымды жаңалықтар сендерге қалай әсер етті?
Өсімдікке байланысты жұмбақтар
Ой қозғау және терминдерді бекітуге арналған тапсырма
Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс.
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп боп оралады.
Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.
Желілері жайылып,
Жол-жол болып жатады.
Күн нұрына бой ұрып,
Жердің нәрін татады.
Жасыл шатыр астында,
Кететіндей үзіліп,
Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тізіліп.
Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс — сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәні бар.
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тізіп ал.
Талқылау ұсынысы
Жұмбақтардың шешуін тапқаннан кейін, әр өсімдіктің қандай мүшелері аталғанын (жеміс, гүл, сабақ, жапырақ) және олардың тіршілік үшін маңызын қысқаша түсіндіріңдер.