Ұшақ рейсін оқу

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың өткен білімін бекіту; бір-біріне қарама-қарсы қозғалыстағы жақындасу жылдамдығын табуды үйрету; есептер мен мысалдар арқылы есептеу дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сонымен қатар Қазақстан және көршілес мемлекеттер туралы түсініктерін кеңейту, тапқырлыққа, ойшылдыққа, шапшаңдыққа және сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сапқа тұру, амандасу.
  • Оқушыларды 6 топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру және өткенді қайталау

Талқылау сұрақтары

  • Неліктен 6 мемлекет атауы бойынша топқа бөліндік?
  • Себебі Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттерімен шектеседі.
  • Көршілес елдермен қарым-қатынасымыз қандай?
  • Достық қарым-қатынаста.
  • Өткен сабақтарда қандай тақырыптарды қарастырдық?
  • Жылдамдық, уақыт, қашықтық.

Еске түсіру

U, t, S шамаларының анықтамалары мен формулаларын қайталау, ережелерін айту.

III. Жаңа сабақ: «Саяхат» арқылы тапсырмалар орындау

Саяхат сағат тілі бағытымен солдан оңға қарай жүргізіледі. Әр мемлекетке «ұшақпен» ұшамыз: өз жалауын тауып, ұшақ рейсін оқимыз, елшіні сайлап, қысқаша мәлімет тыңдаймыз. Тапсырманы орындағанда ғана келесі елге өте аламыз.

Бағыт 1: Ресей

Ұшақ рейсі: 187, 245

1-тапсырма: көркем жазу

29 29 29

2-тапсырма: перфокартада кестені толтыру (80-бет, 1-тапсырма)

Қозғалатын дене Жылдамдық (U) Уақыт (t) Қашықтық (S)
Велосипедші 20 км/сағ 2 сағ 40 км
Мотоциклші 70 км/сағ 2 сағ 140 км
Шаңғышы 12 км/сағ 2 сағ 24 км
Салт атты 15 км/сағ 2 сағ 30 км

Оқушылар кесте бойынша сұрақтарға жауап береді.

Бағыт 2: Қытай Халық Республикасы

Қадамдар: ұшақты табу → рейсті оқу → елші мәліметі

1-тапсырма: №2 тапсырманы ауызша орындау (жақындасу жылдамдығы)

1) Велосипедші мен мотоциклші

Жақындасу жылдамдығы: 20 + 70 = 90 км/сағ

2) Шаңғышы мен салт атты

Жақындасу жылдамдығы: 12 + 15 = 27 км/сағ

3) Шаңғышы мен салт аттының 2 сағатта жүрген жолы

(12 + 15) × 2 = 54 км

4) Велосипедші мен мотоциклшінің 2 сағатта жүрген жолы

(20 + 70) × 2 = 180 км

5) Есеп құрастыру (В–М)

(20 + 70) × 2 және 20 × 2 + 70 × 2 өрнектерін салыстыруға арналған есеп құрастыру.

6) Есеп құрастыру (Ш–С)

(12 + 15) × 2 және 12 × 2 + 15 × 2 өрнектерін салыстыруға арналған есеп құрастыру.

2-тапсырма: №3 есепті жазбаша шығару

Есепті талдау сұрақтары

  • Есеп қандай зауыт туралы?
  • Онда не пісіріледі?
  • Тәулігіне неше кезең жұмыс істейді?
  • 1 кезеңде қанша ақ нан және қанша тоқаш пісіріледі?
  • Есеп нені сұрайды?

Берілгені

1 кезеңде: 12 т ақ нан

1 кезеңде: 5 т тоқаш

1 тәулікте: 3 кезең

Табу керек

1 тәулікте қанша ақ нан пісіріледі?

1 тәулікте қанша тоқаш пісіріледі?

Шешуі

  1. 1 Ақ нан: 12 × 3 = 36 т
  2. 2 Тоқаш: 5 × 3 = 15 т

Жауабы

1 тәулікте 36 т ақ нан және 15 т тоқаш пісіріледі.

Қорытынды идея

Саяхат форматы оқушылардың қызығушылығын арттырып, жылдамдық–уақыт–қашықтық тақырыптарын және қарама-қарсы қозғалыста жақындасу жылдамдығын есептеуді тәжірибелік тапсырмалар арқылы бекітуге мүмкіндік береді.