Сентябрь сөзінің аудармасы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан
Грамматикалық тақырып
Тәуелдік жалғау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тыңдаушыларды еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыру, тәуелсіздік туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық
Қазақ халқының ерлігі мен даналығын дәріптеу, ізгі қасиеттерін өнеге ету; елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Тәрбиелік
Отаншылдыққа, туған жерді сүюге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге және өз елінің тарихын бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Панорамалық сабақ
Әдіс-тәсілдер
Ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу (қонақтармен таныстыру).
- «Түймедақ гүлі» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.
-
Сөзжұмбақ шешу. Дұрыс шешсеңдер, тігінен бүгінгі сабаққа қатысты сөз шығады:
- «Семья» сөзінің аудармасы;
- Әкенің әкесі;
- «Старший брат» сөз тіркесінің аудармасы;
- «Шеше» сөзінің синонимі.
Сұрақ: Біздің Отанымыз қай ел? Қазақстан. Сұрақ: Қазақстан қандай мемлекет? Тәуелсіз.
Сайыс түрінде өтетін сабақ 4 кезеңнен тұрады.
I кезең
«Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар»
Жаңа сөздермен танысу.
II кезең
«Білім және дәстүр сыны»
Әр тыңдаушы асық таңдап, сұрақтарға жауап береді.
III кезең
«Ауырсыз жеңіл жоқ»
Мәтінмен жұмыс және деңгейлік тапсырмалар.
IV кезең
Бейнебаян
Талқылау және қорытынды сұрақтар.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тыңдаушылар таңдаған смайликтің артында өткен сабаққа қатысты жаңа сөздер мен сұрақтар беріледі.
- Бір аптада неше күн бар? Аптаның бірінші күні қалай аталады? (Қазақша және орысша баламасын айтыңыз.)
- «Вторник» сөзінің аудармасы. Бүгін аптаның қай күні?
- 2018 жылдың 16 желтоқсаны аптаның қай күніне сәйкес келді? «Суббота» сөзінің аудармасы.
- Бір жылда неше ай бар? «Сентябрь» сөзінің аудармасы.
- Мұсылман халқының қасиетті күні қай күн? «Среда» сөзінің аудармасы.
- «Апрель» сөзінің аудармасы. Бір айда неше күн бар?
- «Май» сөзінің аудармасы. Тәуелсіздік күні қай айда болады?
- Конституция күні қай айда тойланады? «Июль» сөзінің аудармасы.
III. Жаңа сабақ
I кезең: «Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар»
Жаңа сөздер
рәміздер — символы
тату — дружные
ел — страна
халық — народ
Отан — родина
мемлекет — государство
табиғат — природа
мақтан етеміз — гордимся
- 1 минут: сөздерді жаттап, есте сақтау.
- Сөз тіркестерін құрастыру: тату ел, мемлекеттік рәміздер, әдемі табиғат.
II кезең: «Білім және дәстүр сыны» ойыны
Әр асықта екі сұрақ болады: біреуі Қазақстан туралы, екіншісі салт-дәстүрге қатысты.
1
Мемлекеттік тіл қай тіл? (Қазақ тілі)
Қандай ұлттық ойындарды білесіз?
2
Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз.
3
Астанасы қай қала? (Астана)
Балаларға қатысты қандай салт-дәстүрлерді білесіз?
4
Әнұранның әнін жазған кім? (Шәмші Қалдаяқов)
Ұлттық тағамдарды атаңыз.
5
Тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)
Жігіттердің ұлттық биі қандай?
6
Ұлттық валюта қалай аталады? (Теңге)
Қазақ фильмдерін атаңыз.
7
Тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
Нағашы кімнің туысы? (Ананың)
8
Сенің Отаның қалай аталады? (Қазақстан)
9
Рәміздер қандай? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
«Жар-жар» әні қашан айтылады?
10
Әнұранның сөзін жазған кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңыз.
11
Тәуелсіздікті қай жылы алдық? (1991)
Қазақтың жаңа жылы қашан тойланады? (22 наурыз)
12
Конституция күні қашан? (30 тамыз)
Қыз ұзатқанда қандай бас киім киеді?
13
Елтаңбаның астында қандай сөз жазылған? (Қазақстан)
Бөле деген кім? (Бір үйдің қыздарының балалары)
14
Астананың бұрынғы атауы қандай? (Ақмола)
Наурызда қандай дәстүрлі тағам әзірлейді? (Наурыз көже)
Грамматика: Тәуелдік жалғау
Тәуелдік жалғау — бір заттың екінші затқа (адамға) немесе жаққа меншікті екенін білдіретін грамматикалық тұлға.
Тапсырма
Кестемен жұмыс (тәуелдік жалғауларын қолдану және бекіту).
Сергіту сәті: «Түсін мені»
Ортаға бір адам шығады. Сол адамға бір сөз жасырылады, ал қалғандары оны тура айтпай, мағынасына жақын сөздермен түсіндіреді. Жасырылған сөзді табу керек. Ойын осылай жалғасады.
Мысал сөздер: кітап, жаз, гүл, отбасы.
Мәтінмен жұмыс: «Тәуелсіз Қазақстан»
Қазақстан Республикасы — көпұлтты, тәуелсіз мемлекет. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады. 1991 жылғы 16 желтоқсан еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылды: осы күні Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін әлемнің жүзден астам елі таныды. Қазақстан бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Егемен ел ретінде халқымыз 1991 жылы тұңғыш Президентін сайлады.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында мемлекеттік рәміздер қабылданып, Елтаңба мен Ту бекітілді. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. 1993 жылғы 15 қарашада ұлттық валюта — теңге енгізілді.
Соңғы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда қабылданды. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылғы 6 мамырда Ақмола атауы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Астана болып өзгертілді.
Туған жерімізде көптеген игі өзгерістер мен жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы — тату-тәтті ынтымағы жарасқан көпұлтты халқымыз бар. Біздің туымыз — тәуелсіздік, тілегіміз — бейбітшілік пен тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін және халықтарымыздың бірлігін сақтау — әрбір азаматтың борышы.
Деңгейлік тапсырмалар
Мақсат — мәтіндегі тілдік бірліктерді тауып, грамматикалық тақырыпты практикада қолдану.
1-деңгей
Мәтіннен 5 жуан және 5 жіңішке сөзді теріп жазыңдар.
2-деңгей
Берілген сөздерді тәуелдеңіз:
- Қазақстан
- тәуелсіздік
- Отан
- Елбасы
- туған жер
- тарих
- ел
- халық
3-деңгей: «Сандар сөйлейді»
1991 ж. 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасының атауы қабылданды.
1991 ж. 16 желтоқсан
Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
1991 жыл
Тұңғыш Президент сайланды.
1992 жыл
Мемлекеттік рәміздер қабылданды.
1993 ж. 15 қараша
Ұлттық валюта енгізілді.
1995 ж. 30 тамыз
Конституция қабылданды.
1997 ж. 10 желтоқсан
Астана Ақмолаға көшірілді.
1998 ж. 6 мамыр
Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
IV. Бейнебаян және талқылау
Талқылау сұрақтары
- Бұл оқиға қай жылы болды?
- Жастардың көтеріліске шығуына не себеп болды?
- Тәуелсіздік деген не? Осы сөзді естігенде қандай ұғымдар ойға келеді?
Шығармашылық тапсырма
«ЖЕЛТОҚСАН» сөзінен сөздер құрастырыңыз (сөз тудыру).
Ойтүрткі
Тәуелсіздік ұғымын сипаттайтын сөздер мен тіркестерді тізіңіз (мысалы: еркіндік, бірлік, елдік, бейбітшілік, жауапкершілік).
Қорытынды
Егеменді еліміздің ертеңінен көп жақсылық күтеміз. Болашағымыздың баянды, келешегіміздің кемел болғанын қалаймыз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын.
Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығы
Оқытушы: Шакаримова Гүлнар Кеңесқызы