Тұйық етістіктің түрленуі
Сабақ тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі
7-сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспары (қазақ тілі).
Негізгі екпін
Тұйық етістік: қимыл-әрекет атауы, шаққа да, жаққа да тәуелсіз.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға ана тіліміздің өркендеп дамуы үшін тілге құрметпен қараудың маңызын түсіндіру, қазақ тілін қадірлеуге баулу.
- Тәрбиелік мәні бар мысалдар арқылы елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
- Білімді бақылау және тапсырмалар арқылы сауатты жазуға үйрету.
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Зейінді сабаққа аудару.
-
2) Үй тапсырмасын пысықтау
Үй тапсырмасын тексеру, кеспе қағаздар арқылы жауап алу.
Қайталау сұрақтары
- Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?
- Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
- Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?
Жаңа сабақты түсіндіру: тұйық етістік
Тұйық етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді және шақпен де, жақпен де байланыспайды. Сондықтан тұйық етістік қимыл-әрекет атауы ретінде қолданылады да, жақтық мағынаны білдірмейді.
Жасалу жолы
Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Тұйық етістіктердің кейбірі белгілі бір заттың, көбіне қимылдың атын білдіріп, зат есімге айналып кеткен. Мысалы: көскеу (отты, шоқты көсейтін темір), сабау (жүнді сабайтын шыбық), егеу (темірді егейтін құрал).
Грамматикалық ерекшелігі
Тұйық етістік септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді.
Кітаппен жұмыс
210-жаттығу: көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.
Бүкіл сыныппен жұмыс
Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып, ішінен тұйық етістікті тапқызыңдар.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Аяққа кісен салуға болар, тілге кісен салынбас.
Жақсының қасиеті — жарастыру, жаманның қасиеті — таластыру.
Білімді бекіту
Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріледі. Төмендегі сұрақтар арқылы тақырып қорытындыланады:
- Тұйық етістік дегеніміз не?
- Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
Жалғау, көсеу, құрсау, оқу, басу, жабу сөздерімен сөйлем құрап келу.
Қосымша материалдар
56, 57, 58, 59, 60-сабақтарды және толық нұсқасын жүктеу бөлімінен қарастыруға болады.