Шыққан суретке жұмбақ
Автор туралы
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Абраимова Нұргүл Сеитжапаровна.
Тақырыбы
Интеллектуалды ойын: «Жұлдызды сәт».
Мақсаты
- Білімділік: алған білімді тереңдету, оны қолдануға дағдыландыру, сөздік қорды молайту.
- Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: бірлікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Аялдамалар түспен белгіленеді:
- Дүниетану — қызыл.
- Математика — сары.
- Қазақ тілі — жасыл.
Қажетті құралдар: 3 машинаның макеті, бағдаршам, текше, сұрақтарға қатысты суреттер.
Ойынның шарты
Негізгі қағида
- Текшені лақтырғанда қанша сан шықса, сонша қадам алға жылжиды.
- Қай аялдамаға тоқтаса, сол аялдаманың түсіне сәйкес сұраққа жауап береді.
- Дұрыс жауап берсе, сол жердегі көрсеткі (стрелка) бағытымен алға не артқа қозғалады.
- Дұрыс жауап бере алмаса, тұрған орнында қалады.
Жеңіс шарты
- Дайын болған топ белгі ретінде жалауша көтереді.
- «Жұлдызды» аялдамаға бірінші жеткен топ жеңімпаз атанып, ойын аяқталады.
- Ереженің сақталуын «жол полициясы» рөліндегі бақылаушы қадағалайды.
Өткізілу барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Мұғалім: «Балалар, бір-бірімізге жолымыз ашық болсын, денсаулығымыз мықты болсын деген тілек тілейік».
II. Ойын ережесімен таныстыру
- Жүріс текшеден шыққан санға байланысты. Қай аялдамаға келсе, сол аялдаманың сұрағына жауап береді. Жауап бере алмаса, бастапқы орнында қалады.
- Дайын болған топ жалауша көтеріп белгі береді.
- «Жұлдызды» аялдамаға жеткен топ жеңеді, ойын тоқтайды.
- Ереженің сақталуын жол полициясы бақылап отырады.
III. Жүргізушінің кіріспе сөзі
«Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Ойынды тамашалауға және қатысуға шақырамыз.
Талқылау сұрағы
Бағдаршам не үшін керек? Ол қандай түстен басталады, нені білдіреді?
Қызыл
Тоқта: тапсырманы ал.
Сары
Дайындал: ойлан.
Жасыл
Жүр: жауабыңды айт.
Тапсырмалар қоры
Төмендегі сұрақтар аялдама түстеріне сәйкес беріледі. Қажет болса, деңгейіне қарай іріктеп қолдануға болады.
Математика (сары)
- Санды бірнеше рет көбейтіп, нәтижесінде нөл шығара аламыз ба?
- Алдарыңдағы суретте неше үшбұрыш бар? Енді осы үшбұрышқа ойша көлденеңінен бір сызық қоссақ, неше үшбұрыш болады?
- Берілген сызықтардың қайсысы ұзын?
- Бала мектепке дейін анасымен 15 минутта барады. Ал қайтарда жалғыз өзі қанша уақытта келеді?
- Төрт аттың неше аяғы болады?
- Мектепке кірерде неше баспалдақтан өтесің?
- Тауық бір аяғымен тұрса — 3 кг. Екі аяғымен тұрса — неше кг?
- Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да бір сан шығады. Ол қандай сөз? «Қырық».
- Сені және оны қонаққа шақырды. Қонаққа неше адам бардыңдар?
- Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?
Дүниетану (қызыл)
- Берілген сөзді жалғастыр: машина — адам, сиыр — шөп, өсімдік — ...
- Мына жануарлардың қатарында қайсысы артық? Тауық, сиыр, есек, ат.
- Музыкалық пауза Ән орындалады.
- Әріптерден сөз құрастыр. Келмейтін сөзді тап: МЙСЕЕ, ТСІРЕ, ЕАБКТӨ, МАЛАТЫ.
- Қазақстан Республикасының қалаларын ата.
- Ол тек қана сенікі. Бірақ оны сенен басқа адамдар өте жиі айтады. Ол не?
- Екеуі қарайды, екеуі тыңдайды. Ол не?
- Бір өзенге бір өзенді қоссақ, неше өзен болады?
- Сиыр мен ешкінің біреуі шөп, екіншісі жем жеп тұр. Ешкі жем жеген жоқ. Шөпті қайсысы жеп тұр?
- Шеңберді пайдаланып, қанша заттың суретін салуға болады?
- Сергіту сәті Қимыл-қозғалыс жаттығулары.
Қазақ тілі (жасыл)
- Суреттің бір бөлігі арқылы затты анықта.
- Шыққан суретке жұмбақ құрастыр.
- Суретке байланысты өлең немесе қысқа ертегі құрастыр (теледидардан құстарды көрсету арқылы).
-
Көрермендерге тапсырма (бос уақытта)
Берілген код арқылы сөзді шешу:
Кілт
ғ-*, п-+, м-=, ә-$, й-#, о-., й-(, р-&, д-W, к-g, с-?, л-((, ү-Ә, г-ж, z-?, е-V, р-!, д-5, і-3, ң-;, т-0, у-1, а-U, н-%
Мәтін
... ..., 0 1 u % z v ! 5 3# 3! u (( u ... ... ... 3 (( 3 g % $ ! 3% ? v v (( v + ... ... . z v 0 v (( v # 3 g u ! = u % *
- Әр топқа бірдей үш қоянның суреті беріледі: айырмашылықтарын тап.
-
Санды тапсырма
Берілгендер арқылы сөз шығару/шешімін табу:
А С Қ Р Қ Ы
20:10, 27:9, 20:5, 3·2, 5:5, 25:5
- 1 оқушы «Қасқыр мен түлкі» мәтінін мәнерлеп оқиды.
- Басы бар, бірақ шашы жоқ. Көзі бар, бірақ қасы жоқ. Ол не? Балық.
-
Сөзжұмбақ
Мақсаты: «Т» әрпінен басталатын сөздермен торкөздерді толтыру.
- Үй құсын ата.
- Киімге тігетін не?
- Шошқаның баласының аты қалай?
- Қалың киімді тігетін иненің аты.
- Машина неден жасалады?
- Отқа жағатын отын.
- Адам ұйықтағанда неде жатады?
Қорытынды
Марапаттау
- I орын: Диплом
- II орын: Грамота
- III орын: Сертификат
Кері байланыс
Ойын ұнады ма? Ұнаса, несімен ұнады?
Ойын ұнамады ма? Ұнамаса, несімен ұнамады?