Бүгінгі дебатқа қатысушы оқушыларды ескерткіш сыйлықпен марапаттасақ

Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті · Экономика, бизнес және құқық колледжі

Пән мұғалімі: Жұмабеков Б. Қ.

Дебат тақырыбы

«Қазақстан жастары қаншалықты патриот?»

Сарапшы

Калиева Г. К.

Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Сарапшы

Тюмебаева С. Б.

Жалпы білім беретін пәндер (циклдік) комиссиясының төрағасы

Сарапшы

Томашинова Н. Н.

Күндізгі бөлім меңгерушісі

Мақсат

  • Оқушыларға патриотизм ұғымын түсіндіру және отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  • Елімізде жүзеге асып жатқан патриоттық бағыттағы игі бастамалар, айтулы шаралар мен үрдістер туралы түсінігін кеңейту.

  • Екіжақты позицияда пікірталас жүргізу арқылы объективтілікке, елжандылыққа, принципшілдікке баулу.

  • Әртүрлі дерек, материал, факт және статистикалық мәліметтерді талдау арқылы танымдық және эвристикалық қабілеттерін арттыру.

Сабақ әдісі

Пікірталас жүргізу.

Жаңа технология

Проблемалық полемика.

Пәнаралық байланыс

Тарих, АӘД, саясаттану, экономика, әлеуметтану.

Дебаттың барысы

Ашылу сәті

  • Әнұран орындалады.
  • Жүргізуші қонақтар мен қатысушыларды қарсы алып, тақырыпты таныстырады.

Патриотизм туралы түсінік

Патриотизм — Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікпен тығыз байланысты екенін сезіну. Мемлекетті нығайту — жеке адамды күшейту екенін мойындау. Яғни патриотизм мемлекет ұғымын адамның өткені, бүгіні және болашағымен байланыста қарастыратын құндылық.

Қатысушылар

Парасат тобы

Позиция: жақтаушы

  • Карамулдина Азиза (П-11)
  • Хабаров Ерқанат (П-12)

Ақиқат тобы

Позиция: даттаушы

  • Шоратбаева Ақмаржан (У-11)
  • Тасқынов Еркебұлан (Фин-11)

Парасат тобы Қазақстан жастарына елжандылық пен отансүйгіштік тән деген көзқарасты қорғайды. Ақиқат тобы қазіргі жастар арасында патриотизм жеткіліксіз деген оппозициялық ұстанымды ұсынады.

Сөйлеу тәртібі

Әр спикердің сөйлеу уақыты: 6 минут. Қарсы жауапқа: 3 минут.

Регламент және этика

Уақыт шегін сақтау, әдеп нормаларын ұстану және пікірталас мәдениетін қорғау қатаң қадағаланады.

Негізгі талап

Позицияны дәлелмен қорғау: дерек, факт, мысал және логикалық қорытынды.

Топтық резюме (қысқаша)

Даттаушы топтың міндеті

  • Нақты проблеманы көтеріп, оның себептерін көрсету.
  • Шешу жолдарын ұсыну.
  • Мәселенің нәтижелерін айқындау.

Жақтаушы топтың міндеті

  • Қарсы тараптың кейсіне тойтарыс беру.
  • Одан кейін өз дәйектемелерін жүйелі түрде ұсыну.
  • Сөз соңында негізгі ойды түйіндеу.

Көрініс және марапаттау

Топтар ойларын жинақтаған уақытта 16 желтоқсан оқиғасына арналған көрініс ұсынылады.

Дебат соңында «Үздік топ» және «Үздік спикер» номинациялары табысталады.

Қорытынды бөлім

Сарапшылар пікірін тыңдау үшін сөз кезегі колледж директорына беріледі. Дебатқа қатысқан оқушылар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Нәтиже

Пікірталас мәдениеті, дәлелдеу және тыңдау дағдысы нығаяды.

Құндылық

Патриотизм ұғымы тұлғалық және қоғамдық деңгейде талданады.

Мақсат Формат Қатысушылар Ережелер Қорытынды