Қыз өссе - елдің көркі Сабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Қыз өссе – елдің көркі.
Сабақтың мақсаты
- Сынып қыздарының өзін таныстыра білуіне жағдай жасау, өнерін көрсеткізе отырып ұлттық өнерге баулу.
- Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
- Көпшілік алдында өздерін еркін әрі мәдениетті ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулық пен инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
- Сыпайылыққа, өнерге ұмтылған, әсемдік пен өнегені бойына сіңірген қыз балаларды қолдау.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Көрнекілігі
Гүлдер, магнитофон, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Жоспары
-
1
Мен қазақтың қызымын
Таныстыру.
-
2
Өнерліге өріс кең
Өнер сайысы: ән, би, күй, өлең оқу.
-
3
Білгенге маржан
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
-
4
Шығармашылық жұмыс
«Көктем» тақырыбына сурет салу.
-
5
Қыздарға әсемдік жарасады
Сән үлгісін көрсету.
Жүргізушінің құттықтауы
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Құрметті аналар, ұстаздар, кішкентай құлпырған қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен және мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Көктем мерекесіне орай сыныбымызда қыздар арасында «Қыз өссе – елдің көркі» атты «Көктем аруы – 2013» сайысын өткізгелі отырмыз.
Қайырлы күн, қадірлі қонақтар! «Қыз өссе – елдің көркі» атты «Көктем аруы – 2013» сайысына қош келдіңіздер! Көктемнің алғашқы күндерімен бірге келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке мен бірлік тілейміз.
Ақын болып әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен,
Қазақтың аруларын мақтан етем.
Жас күнінде жалындау бар, жану бар,
Үлкендерден үлгі-өнеге алыңдар.
Көрерменге өнерін паш ететін,
Қош келдіңдер кіп-кішкентай арулар!
Қатысушыларды таныстыру
Ендеше, осы байқауға қатысатын қыздарымызды ортаға шақырайық. Қыз баланы құрметтеген қазағым, аруларға ақындар жыр арнайды. Қошеметпен ортаға сайысқа келген өнерлі қыздарымызды шақырамыз.
Қыдырбай Әсем
2 «А» сынып оқушысы
Қазақ елім тәуелсіз болып танылған,
Бақыт құсы ұшпаса екен бағымнан.
Рафаэлова Асылжан
2 «А» сынып оқушысы
Көрерменге көрсетер өнері бар,
Сайыскер аруымыз – біздің Асылжан.
Жауқаштина Адина
2 «Ә» сынып оқушысы
Көктем келді, жердің беті қырмызы,
Қыз дегенің – ата-ананың құндызы.
Бұл сайыста бар өнерін салатын,
Ортада тұр әсем ару – Адина.
Ескерту: Мәтін стилистикалық және грамматикалық тұрғыдан өңделіп, мазмұны сақтала отырып ықшамдалды.