Студенттердің жауабы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Сәндік-қолданбалы өнер
Сабақ тақырыбы
Сувенирлер
Сабақ мақсаты
Студенттерге сувенирлерді көркемдеп жасау тәсілдерін меңгерту.
Міндеттері
- Студенттерге көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әртүрлі сувенирлермен таныстыру.
- Икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылық пен ерік күшін дамытуға ықпал ету.
- Еңбекқорлыққа баулу және эстетикалық тәрбие беру.
Құрал-жабдықтар мен көрнекілік
Оқыту форматы
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, көрсету, үйрету
Пәнаралық ықпалдастық
Дүниетану, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері, психология
Құндылық және қасиеттер
- Құндылық
- Сүйіспеншілік
- Қасиеттері
- Ерік күш, еңбекқорлық, табандылық
Сабақтың мазмұны: идея және мән
«Адам — өз өмірінің суретшісі: ол өмірді сырлап-бояуға, оған ажар беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді», — деген Баубек Бұлқышевтің ойына сүйенсек, сәндік-қолданбалы өнер — халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан, ғасырлар бойы ерекше орын алып келе жатқан өнер.
Адам өмірінде қуанышты сәттер аз емес: туған күн, мектеп немесе жоғары оқу орнын аяқтау, атақ пен марапат алу, жаңа үйге көшу, өзге де мерекелер мен мерейтойлар. Осындай күндері адамдар қуанышын жақындарымен — туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаңымен — ақ дастарқан басында, ән-күй ортасында бөліседі.
Сыйлықтың тәрбиелік мәні
- Сыйлық — құрмет пен ілтипаттың белгісі.
- Бағасы қымбат болмаса да, адамға қуаныш сыйлап, көңіл күйін көтереді.
- Достық пен туыстық қарым-қатынасты нығайтады.
- Сыйлық алған адам қамқорлықты сезініп, рухани шабыт алады.
Бүгінгі сабақта студенттер жақындарына арнап әртүрлі сувенирлер дайындайды. «Сувенир» сөзі француз тілінен аударғанда «естелік», «еске сақтау» деген мағынаны білдіреді.
Сұрақтар арқылы түсінуді тексеру
Практикалық жұмысқа кіріспес бұрын төмендегі сұрақтарға жауап беру ұсынылады:
- Қазақ халқында қандай сувенирлер кеңінен таралған?
- Сыйлықты қашан береді?
- Сапардан сыйлық әкелудің мәні неде?
- Сыйлық таңдауда талғамның рөлі қандай?
- Кімге қандай сыйлық ұсынған дұрыс?
- Сыйлықты қалай ұсынған жөн?
- Сыйлықты қалай қабылдаған жөн?
Салт-дәстүр туралы ой қозғау
Әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрлері бар және олар әр елде әрқилы. Мысалы, Кения мен Танзанияда масай халқында үйленетін жігіт болашақ жарының аяғының астына өзі аулап өлтірген арыстанның терісін тастайды. Мұның мәні — болашақ ұрпағы арыстандай өжет, батыл, қайратты болсын деген тілек.
Осыған ұқсас тағы қандай салт-дәстүрлерді білесіздер?
Студенттердің жауаптары тыңдалады.
Практикалық жұмыс
Жұмысқа дейін
- Қажетті құрал-саймандарды түгендеп, мұқият тексеріңіз.
- Жұмыс орнын және құралдарды ережеге сай орналастырыңыз.
- Жұмыс орнында артық зат қалдырмаңыз.
- Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Орындау барысы
Әртүрлі сувенирлерді көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішіндер арқылы жаттығу жүргізіледі. Алдын ала берілген тапсырмалардың үлгілері слайд арқылы көрсетіледі.
Қорытынды және бағалау
Студенттердің жұмыстары талданып, бағаланады.
Дайын бұйымдар бойынша шағын көрме ұйымдастырылады.
Үй тапсырмасы
Технологиялық карта
Сувенир дайындауға арналған технологиялық картаны (кезеңдері, материалдары, құралдары, қауіпсіздік талаптары) сызу.