Геометриялық пішіндерді ата
«Тапқыр достар» — интеллектуалдық ойын. Ойынның мақсаты: топта бірлесе жұмыс істеуге, өзгенің еңбегін бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберлігін арттыру, ой-өрісін кеңейтіп, қызығушылығын дамыту. Сондай-ақ балаларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Ойынның ұйымдастырылуы
- Ойынға 3 топ қатысады.
- Әр топта 5 баладан болады.
- Ойын 5 кезеңнен тұрады.
1-кезең: «Кім тапқыр?»
Әр топтан бір қатысушы әріп таңдайды да, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді (А, Ә, Н).
1-топ (Н)
- 1. Досың кім?
- 2. Анаңның аты кім?
- 3. Қай көшеде тұрасың?
- 4. Біздің ең қажетті асымыз қандай?
- 5. Көктемде тойланатын, көже дайындалатын мерекені ата.
2-топ (А)
- 1. Жасың нешеде?
- 2. Шашыңның түсі қандай?
- 3. Қандай жемісті жақсы көресің?
- 4. Қандай аңдарды білесің?
- 5. Адамдарды тасымалдайтын көлік.
3-топ (Ә)
- 1. Кімді жақсы көресің?
- 2. Сенің атың кім?
- 3. Таңертең адамдарды ұйқысынан оятып, дыбыс шығаратын не?
- 4. Өлеңді көп айтатын адамдарды қалай атаймыз?
- 5. Бесік жыры қалай басталады?
2-кезең: «Ойлан, тап!»
Бұл бөлімде қатысушылар білімін, байқағыштығын және жылдам ойлауын көрсетеді.
- 1. «Кел, балалар, оқылық!» — кімнің өлеңі? Жауап: Ы. Алтынсарин
- 2. Тірі табиғатқа нелер жатады? Жауап: адам, жануарлар, өсімдіктер
- 3. Төрт түлік малды ата. Жауап: түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі
- 4. Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе?
- 5. Өлі табиғатқа нелер жатады? Жауап: су, ауа, топырақ, тас
- 6. Геометриялық пішіндерді ата.
- 7. Бес саусақты қолғапта неше саусақ бар?
- 8. Аспанда неше жұлдыз бар?
- 9. Табиғат дегеніміз не? Жауап: айналаны қоршаған дүние
- 10. Апта күндерін ата.
- 11. Бағдаршамда неге «көз» бар?
- 12. Жыл мезгілдерін ата.
3-кезең: «Сиқырлы пішіндер»
Әртүрлі геометриялық пішіндерді пайдаланып, жаңа бір зат ойлап құрастыру. Қатысушылар қиялын іске қосып, бірнеше бөліктен тұтас пішін жасайды.
Пішіндер
- Үшбұрыш
- Төртбұрыш
- Дөңгелек
4-кезең: «Мақалды жалғастыр»
Тіл және сөз өнері туралы мақал-мәтелдердің жалғасын айту.
- 1. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
- 2. Піл көтермегенді, тіл көтереді.
- 3. Жақсы сөз — жарым ырыс.
- 4. Өнер алды — қызыл тіл.
- 5. Сөз түбін — сөз табар.
- 6. Сөз сөзден туады, сөйлемесе неден туады?
- 7. Сөз асылы — мақал.
- 8. Сөз шынды табар.
- 9. Көп сөз — көмір, аз сөз — алтын.
4-кезең: «Математикалық жұмбақтар»
-
1. Бес алманың үшеуін досың сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады? 2
-
2. Табақта бес өрік тұр. Бесеуін де жеп қойсам, сонда неше өрік қалады? 0
-
3. Көлден 4 қаз ұшты. Қайтып 2 қаз келді. Ұшып кеткені нешеу? 2
5-кезең: «Қызықты логикалық сұрақтар»
Қысқа әрі ойландыратын сұрақтарға жылдам жауап беруге бағытталған бөлім.
- 1. Пеш түбінде пырылдап ұйықтайды...
- 2. Әкеңнің әкесі...
- 3. Олар орманда өседі...
- 4. Шыр-шыp етіп ұшады...
- 5. Лақтың енесі...
- 6. Одан көйлек, жейде тігеді...
- 7. Әріптердің тізбегі...
- 8. Ол жауыннан қорғайды...
- 9. Бөлмеге күннің жарығы неден түседі?
- 10. Ол үй күзетеді...
- 11. Балалар жататын жиһаз...
- 12. Қазақстанның астанасы...
Қорытынды
«Тапқыр достар» ойыны балалардың білімін бекітіп қана қоймай, командада жұмыс істеу мәдениетін қалыптастырады, тіл байлығын дамытады және логикалық ойлау дағдыларын шыңдайды.