Бисерден Сакура ағашының бұтағын жасау
Сабақтың тақырыбы
Бисерден сакура ағашының бұтағын жасау.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
Түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Сызу, бейнелеу өнері, математика, тарих.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға бисер туралы толық мәлімет беру.
Дамытушылық
Жұмысты орындаудағы еріктілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдануын қадағалау, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Осы өнер түріне қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Үлгілер
- Ескертпелер
- Дайын бисерден жасалған сакура бұтағы
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Құрал-жабдықтардың толықтығын тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аударту.
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырыпты қайталау мақсатында сұрақтар қойылып, оқушылардың жауаптары талқыланады.
Жаңа сабақ
Бүгін біз бисерден бұйым жасауды үйренеміз және сакура ағашының бұтағын құрастырамыз. Сакура — Жапон халқының символы. Ол көктемде, көбіне сәуір-мамыр айлары қарсаңында гүлдейді.
«Ханами» дәстүрі
Жапонияда сакура гүлдеген кезде адамдар орталық бақтарға жиналып, гүл ашқан ағаштарды тамашалайды. Бұл дәстүр «ханами» деп аталады: хана — «гүл», ми — «қарау». Кейде бұл мерекелік шараға шетелдік дипломаттар мен журналистер де шақырылады. Сакураның гүлдеуі жапондар үшін жаңару мен үміттің нышаны саналады.
Сакура туралы аңыз
Аңыз бойынша, Сакура есімді қария Сегун өлкесінің басшысына Хотта атты байдың қаталдығын айтып шағымданады. Басшы дәлел сұрағанда, Сакура балаларын шақырып, олардың қамшымен тілінген жарақат іздерін көрсетеді. Басшы Хоттаны жазалайды, алайда кек сақтаған бай кейін Сакураны балаларымен бірге ұстап алып, шие ағашының діңіне байлап, аяусыз соққыға жығады. Сол күннен бастап шие ағаштары қызғылт реңкпен гүлдей бастаған деседі.
Бисер туралы қысқаша мәлімет
«Бисер» сөзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы атау. Бисер — ұсақ, домалақ не сопақша пішінді, әртүрлі материалдан (хрусталь, шыны, керамика және т.б.) жасалатын моншақтар. Бисердің тарихы әйнектің пайда болуымен тығыз байланысты. Әйнектің алғаш пайда болған уақыты нақты белгісіз. Аңыз бойынша, әйнек жасаудың құпиясын алғаш Финикия елі ашқан. Кей деректерде әйнектің Отаны — ежелгі Египет деп айтылады. Әйнектен жасалған моншақтар, тұмарлар және ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейінгі VI ғасыр ескерткіштерінен табылған.
Керекті құрал-жабдықтар
- Бисер түрлері
- Диаметрі 3 мм сым
- Сызғыш, қайшы
- Қалың сым
- Мулине жіп
- Гипс немесе алебастр
- PVA желімі
- Қоңыр, ақ, жасыл гуашь
- Изолента
Сарамандық жұмыс
Қауіпсіздік және дайындық
- 1 Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау.
- 2 Жұмыс киімін кию.
- 3 Құралдарды тексеру.
- 4 Тереңдеу ыдысқа қажетті бисерлерді салып, араластырып алу.
Бұтақ жасау қадамдары
- 5 Ұзындығы 60–70 см жұқа сымды дайындау.
- 6 Сымның бір шетінен 10 см қалдырып, орау.
- 7 Бір шетін түйіндеп, екінші шетіне бисер өткізіп, ұшын бекіту.
- 8 Сымның шетіне 5 дана бисер енгізіп, біртіндеп орауды бастау. Ескерту: Бір гүл жасау үшін 5 дана бисер қажет.
Құрастыру және әрлеу
- 9 Дайын бұтақтарды біріктіріп, жіппен орап, үстінен изолентамен бекіту.
- 10 Гүлдерді қалың сымға біріктіріп, тал бұтағы сияқты иіп пішіндеу және изолентамен орау.
- 11 Ағашты ыдысқа орнату: гипс пен PVA желіміне аздап су қосып араластырып, ыдысқа құю және үстіне бұтақты орналастыру.
- 12 Қоспаны толық қатуы үшін 2 тәулікке қалдыру.
- 13 Гипс кепкен соң гуашьпен бояу.
- 14 Эстетикалық талғаммен түрлендіріп, соңғы әрлеу жұмыстарын аяқтау.
Қорытынды сұрақтар
- Сакура ағашының отаны қай ел?
- Сакура ағашы қай кезде гүлдейді?
- Сакура туралы қандай аңыз-әңгіме білесіңдер?
- Бисер дегеніміз не?
- Бисердің шығу тарихы қандай елдермен байланысты?
Бағалау
- Жасалған бұйымдарды қабылдап, оқушылардың еңбегін бағалау.
- Жіберілген қателіктерді түсіндіріп, оны іс жүзінде көрсету.
- Жақсы орындалған жұмыстарды атап өту.
Үй тапсырмасы
Жұмысты үйде аяқтап келу.
Қолданылған әдебиеттер
- 1 «Мектептегі технология» журналы.
- 2 «Технология» оқулығы, 9-сынып.