Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш

Сабақтың бағыты

Тақырыбы

Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш

Мақсаты

  • Тік, сүйір және доғал бұрыш туралы түсінік қалыптастыру.
  • Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі және әдістері

Көрнекілігі

Оқулық, үлестірмелер, геометриялық фигуралар, интербелсенді тақта.

Әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік жұмыс.

Сабақ түрі

Баяндама сабақ.

Кілтті ұғымдар

Тік бұрыш

Өлшемі 90° болатын бұрыш.

Сүйір бұрыш

Тік бұрыштан кіші (90°-тан аз).

Доғал бұрыш

Тік бұрыштан үлкен (90°-тан көп).

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа әзірлік

Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.

Баяндама (хор)

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер,

Отан – тарих, Отан – тіл,

Қазақстан – туған ел!

Отан туралы қысқаша ой

Әр адамның өз Отаны бар. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін еліміз сан ғасырлық тарих жолынан өтті. Бүгінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге танылды. Әрбір отансүйгіш азаматтың жүрегінде елге деген сенім мен мақтаныш оты маздайды.

Менің туған өлкем – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын, шексіз сүйемін, әрқашан аялап, қорғап жүремін.

Ауызша есептеу және тақтамен жұмыс

Ауызша сұрақтар

14, 18, 19 сандарының құрамын ауызша сұрау.

Үй тапсырмасын тексеру

№2, 102-бет.

Көркем жазу

101

Математикалық диктант

  • 30 бен 20-ның қосындысы.
  • 1 ондық 6 бірлік.
  • 100 бен 30-дың айырмасы.

III. Өткенді пысықтау

Сұрақ 1

Қандай геометриялық фигураларды білеміз?

Сұрақ 2

Шаршы дегеніміз не?

Сұрақ 3

Тік төртбұрыш деген не?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақта тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш ұғымдарын ажыратып, олардың айырмашылығын түсіндіреміз.

V. Жаңа сабақ

№1. Геометриялық фигуралармен жұмыс

Геометриялық фигураларды қолдана отырып, тік, сүйір және доғал бұрыш туралы түсінік беріледі. Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші, ал доғал бұрыш тік бұрыштан үлкен екені нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі.

Тік бұрыштар

1, 4

Сүйір бұрыштар

2, 5, 7

Доғал бұрыштар

3, 6

Геометриялық фигуралар бойынша бекіту

Берілген фигуралардағы бұрыштарды анықтап, түрлеріне қарай жіктеу.

Қысқаша тарихи дерек

ҚР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады. Бұл күн ел тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні ретінде алтын әріптермен жазылды.