Балаларды қорғау күні
Тәрбие сағатының мазмұны
Тақырыбы: «Балалардың күлкісі — көркі, сәні әлемнің»
Мақсаты
- 1 маусым — Балаларды қорғау күнінің мәнін түсіндіру.
- Қамқорлыққа, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Сыйластық пен достық құндылықтарын нығайту.
Көрнекілігі
- Шарлар, гүлдер.
- Мерекелік безендіру, тақырыптық композициялар.
- Тақырыпқа сай суреттер.
Негізгі идея
Мереке арқылы балалардың өнерін көрсету, жақсылық пен әділдікті дәріптеу, күлкінің — әлем сәні екенін сезіндіру.
Барысы
Тәрбиеші
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бұл күні балалар саябақта, түрлі ойын-сауық алаңдарында ата-аналарымен бірге серуендейді. 1 маусым — Балаларды қорғау күні. Бүгін бізге қонақтар келеді. Қане, бәріміз қарсы алайық!
Ханша
Қандай ғажайып әлем! (таңырқай қарап) Біз қандай елге келдік?
Балалар
Бұл — Тұмар балдырғандар елі.
Тәрбиеші
Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз, Ханша! (Осы сәтте балалар шығады.)
Балалардың тақпақтары
Айша
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні — біліп қой.
Алақай-ау, алақай,
Той тойлайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Кел, соғайық, балақай!
Нұрай
Бейбітшілік үніміз —
Өнерліміз бәріміз.
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз.
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз.
Азамат
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша!
Еркебұлан
Гүлмен келсін келер күн,
Бала-бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі —
Көркі, сәні әлемнің.
Ханша
Ой, қандай керемет балалар! Қандай өнерлі, қандай әдемі!
Тәрбиеші
Бүгінгі тәрбие сағатына ертегі әлемінің қонақтары да келіпті. Хош келдіңіздер! Төрден орын алыңыздар. Құрметті Ханша, менімен бірге бүлдіршіндердің өнерін жүргізуге қалай қарайсыз? Келісесіз бе?
Ханша
Жарайды, келісемін. Мен де соны қалап тұр едім.
Кейіпкердің келуі: Шайтан
Шайтан
О-о, мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой! Неге маған айтпай кетіп қалдың? Неге, айтшы, Ханша? Мен де сенің досың едім ғой.
Тәрбиеші
Сен Ханшаны азғырма. Ол әділдік пен адалдықты сүйеді. Сенімен дос болғысы келмейді, өйткені сен жамандыққа бастайсың.
Шайтан
Иә, бірақ мен де Ханшаның досымын. Бірде өзеннен алтын балық ұстап алғанда, Ханша оны аяп қайтадан суға жібергісі келді. Ал мен оған: «Үш тілегіңді орындат», — дедім.
- 1-тілегің: «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болайын» — дедім. Ол орындалды.
- 2-тілегің: «Мен әлемдегі ең бай ханша болайын» — дедім. Ол да орындалды.
- 3-тілекті айтар кезде Періште-досы келіп араласты. Есіңе түсті ме?
Ханша
Саған не болған? Қойшы енді. Маған сөз беретін түрің жоқ қой. Маған Періштенің ақылы ұнады. Өйткені мен осы жасқа келгенше мұндай ғажайып елде болып көрмеппін. Сондықтан, Шайтан, сен де бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды кейін айтарсың.
Шайтан
Құп, Ханша.
Өнер бөлімі
Тәрбиеші
Өте тамаша, келіңіз, менің қасыма. Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар? Мүмкін, ән айтып не би билеп берерсіз?
Ханша
Әрине, мен де құр қол келген жоқпын. Шайтан, менің әуенімді қосшы.
(Ханша «Ертегі әлемі» әнін орындайды.)
Авторлық белгі
Нұғыманова З. М. — «Балалардың күлкісі — көркі, сәні әлемнің».