Орыс мектебінде
Қазақ тілі · 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Грамматика. Бауыржан Момышұлы. «Орыс мектебінде»
Сабақ мазмұны Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасап, «Орыс мектебінде» әңгімесі арқылы батырдың ерлігі мен тіл үйренуге деген талпынысын түсінуге бағытталады.
Сабақтың жалпы мақсаты
Білімділік
- Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру.
- «Орыс мектебінде» әңгімесін оқи отырып, батырдың ерлік істерін насихаттау.
- Тіл үйренуге деген талпынысы туралы мәліметтермен бөлісу.
- Оқушыларды өз бетімен ізденіп оқуға, ойларын еркін айтуға бағыттау.
Дамытушылық
- Тақырып бойынша ой-өрісті кеңейту.
- Есте сақтау мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Қазақ тілінде өз ойын жүйелі жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке баулу.
- Мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
- Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Мұғалімдер үшін күтілетін оқу нәтижелері
- Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан-жақты талдап, олардың өзара байланысын анықтайды.
- Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, шағын зерттеу жүргізіп, өз пікірін білдіреді.
- Шағын топта ынтымақпен жұмыс жасап, бірлескен қорытынды шығарады.
Сабақта туындайтын негізгі идея
Бауыржан Момышұлының ерліктерімен таныса отырып, оқушылар Отанға деген сүйіспеншілікті ұлттық психология тұрғысынан пайымдап, салыстырады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Сынып тазалығына назар аудару.
- Сыныптың жағымды ахуалын қалыптастыру, ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Шеңбердегі тілектер (өлең жолдары)
Қайырлы күн, жер ана,
Қайырлы күн, көк аспан!
Қайырлы күн, маған,
Қайырлы күн, саған!
Қайырлы күн, балалар,
Қайырлы күн, мұғалім!
Оқушылар бір-біріне ізгі тілек айтып, сабаққа жағымды көңіл күймен кіріседі.
1-әрекет: Үй тапсырмасын тексеру
А) Грамматиканы қайталау сұрақтары
- Есімше дегеніміз не?
- Есімше нешеге бөлінеді?
- Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
- Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Ә) Әдебиет бойынша қысқа сұрақтар
- Мұзафар Әлімбаев кім? Қандай шығармаларын білесіңдер?
- Балалар әдебиетінің атасы кім?
- «Он саусақ» өлеңі бойынша жауап беру.
2-әрекет: Жаңа білімді игеру
Эпиграф
Батырым, Бауыржаным, — дейді халқым,
Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын.
Келешек келе жатыр көремін деп,
Тік басып туған жерде жүрген қалпын.
Жаңа сабақ интерактивті тақтадағы слайдтар арқылы түсіндіріледі: Бауыржан Момышұлының өмірбаяны, әскери жолы, шығармашылық мұрасы және «Орыс мектебінде» әңгімесінің идеялық мазмұны талқыланады.
Бауыржан Момышұлы: қысқаша өмірбаян
Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты әрі бейбіт өмірде жазушылық еңбегімен де елге қызмет еткен Бауыржан Момышұлы 1910 жылғы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Әкесі — Момыш, анасы — Рәзия. Отбасында төрт қыздан кейін Бауыржан өмірге келген.
Білім жолы
- Әкесінен хат танып, кейін көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде бір жыл оқыды.
- Келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, интернатта тұрып үш жыл оқып, бастауыш мектепті аяқтады.
Негізгі белестер (жылдар)
- 1928
- Мұғалім болды.
- 1932
- Армия қатарына шақырылды.
- 1936
- Ленинград қаржы академиясын бітірді.
- 1941
- 316-атқыштар дивизиясының құрамына қабылданды.
- 1941–1945
- Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияны басқарды.
- 1952
- Жоғары әскери академияны бітірді.
- 1950–1956
- Жоғары әскери академияда дәріс берді.
- Кейін
- Демалысқа шыққан соң жазушылыққа ден қойды.