Тақтада жыл мезгілдеріне байланысты суреттер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Қазір қай ай?
- Аптаның қай күні?
- Қай мезгіл?
- Қыркүйек қай жыл мезгіліне жатады? Күз.
- Тағы қандай жыл мезгілдері бар? Қыс, көктем, жаз, күз.
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне арналады. Осы тақырыпқа байланысты мынадай аңыз айтылады.
Аңыз
Ерте-ерте, ертеде атақты Жыл атасының Қыс, Күз атты екі ұлы және Көктем, Жаз атты екі қызы болыпты. Балалары өсіп, ер жеткен соң, Жыл атасы оларды жинап алып былай депті:
«Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды. Енді барып халыққа қызмет етіңдер. Төрт мезгілді үш-үштен бөліп алып, кезекпен үш айдан өз міндеттеріңді атқарыңдар. Бірақ бір ескертерім бар: әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар».
Содан бастап, үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты.
Жыл мезгілдеріне арнап көптеген ақындар өлең жазған. Солардың бірі — Абай Құнанбаев. Ол — ұлы ақын, аудармашы, халқымыздың рухани мұрасының көрнекті өкілі.
Интерактивті тақтамен жұмыс
Тақтада Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерінен үзінділер беріледі. Оқушылар оқып, қай мезгіл суреттелгенін анықтайды.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Суретпен жұмыс
Тақтада жыл мезгілдеріне қатысты суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттерге сүйеніп, шағын әңгіме құрайды.
- Тапсырма: әр суретке 2–3 сөйлем құрастыру.
- Назар: сөйлемнің бас әріппен басталуы және тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы.
Мәтінмен жұмыс
Негізгі мәтін
Бір жылда он екі ай, төрт мезгіл бар. Әр мезгіл үш айдан тұрады. Олар: қыс, көктем, жаз, күз.
Қыста қар жауады, аяз болады. Дегенмен қыстың да өз қызығы бар: адамдар шана, шаңғы тебеді, Жаңа жыл мерекесін тойлайды.
Көктемде қар ериді, күн жылынады. Ағаштар бүршік жарып, жер беті көктей бастайды. Жыл басы — Наурыз мерекесін қарсы аламыз.
Жазда күн ыстық болады. Біз жазғы демалысқа шығамыз, суға шомыламыз. Серуенге шығып, жеміс-жидек тереміз.
Сөздікпен жұмыс
- Қар жауады — снег идет
- Аяз болады — мороз
- Көктеу — тігу, шығу; вышивать, зеленеть
Екітілді сөздік
- Әр мезгіл
- каждое время года
- Аяз
- мороз
- Өз қызығы
- веселье
- Шаңғы
- лыжи
- Тойлайды
- празднует
- Бүршік жарып
- набухают почки
Қосымша тапсырмалар
- Синоним, антоним: мәтіннен синоним және антоним сөздерді тауып, дәптерге жазу.
- Тіл дамыту: әр мезгіл туралы бір сөйлемнен құрастыру.
Сабақты бекіту
«Қай түсті таңдайсың?» ойыны
Оқушылар таңдалған түске сәйкес сұраққа жауап береді немесе тапсырманы орындайды (жыл мезгілін сипаттау, сөздікпен жұмыс, мәтіннен дерек табу).
Үйге тапсырма
- Мәтінді мазмұндау.
- Сөздерді жаттау.
Оқушыларды бағалау
Белсенділік, дұрыс оқу, мазмұндау сапасы, сөздікпен жұмыс және жазба жұмысының сауаттылығы бойынша бағалау жүргізіледі.