Сөзжұмбақ шеш

Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Пән: Сауат ашу (1-сынып)

Ұзақ мерзімді оқу мақсаттары

  • 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.
  • 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Сабақ мақсаттары

  • Барлығы: сурет бойынша әңгіме құрай алады.
  • Көпшілігі: тапсырмаларды орындау арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
  • Кейбірі: мәтіннің бөліктерін ажырата алады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің мазмұнын, желісін және тілін есте сақтай отырып, мәтінді баяндай алады.
  • Сурет бойынша шағын әңгіме құрай алады.

Тілдік мақсат

  • Ұлттық тағам түрлерін атай алады.
  • «Уыз» ұғымын түсіндіре алады.
  • Пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажырата алады.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығын құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, математика, өнер.

АКТ қолдану дағдысы

  • Сөзжұмбақ шешу.
  • Тағам түрлерін тауып, кестеге жазу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар тағам туралы жалпы түсінікке ие.

Мектеп және мұғалім

В. Комаров атындағы мектеп КММ
Мұғалім: Даужанова А. М.

Сабақ құрылымы

Жалпы ұзақтығы: 35 минут

Сабақтың басы

7 минут ынтымақтастық және қызығушылық

«Шаттық шеңбері»: «Мен кіммін?» ойыны

Оқушылар өз есіміне сын есім қосып айтады: «Ажарлы Аяна», «Сүйкімді Сара» т.б.

«Нақты сұрақ — дәл жауап» әдісі

  • Наурыз көже дегеніміз не?
  • Наурыз көже қай кезде жасалады?
  • Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

Сабақтың ортасы

28 минут оқылым, айтылым, жазылым

Оқулықпен жұмыс: Оқылым (1-жаттығу)

Мәтінді түсініп оқу

Нұсқаулық:

  1. Мәтінді іштен оқып шығыңдар.
  2. Мәтіндегі сөйлем санын анықтап, ортақ атау қойыңдар.

Айтылым: мұғалімнің түсіндіруі

Берілген сөйлемдерге ортақ атау қойдық. Ендеше, сөйлемдердің бәріне бірдей атау қоя беруге бола ма?

Кез келген сөйлемге атау қоя алмаймыз. Сөйлемдер мағынасы жағынан өзара байланыста болғанда ғана оларға ортақ атау қойылады.

Жұмыс түрі: жұптық талқылауға дайындық.

«Ойлан, жұптас, бөліс»

Оқушылар мәтіннің ерекшеліктері бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

Жазылым: дәптермен жұмыс (2-жаттығу)

Көркем жазу

Уыз — жаңа туған малдың сүті. Ол қою әрі тәтті болады.

Айтылым (3-жаттығу): сурет бойынша әңгіме құрау

Оқушылар суретке сүйене отырып, оқиғаның ретін сақтап, шағын әңгіме құрастырады.

Сергіту сәті: «Жасырынған тағамды тап» ойыны

Бір оқушы тақтаға шығып, бір суретті таңдайды. Қалғандары суреттегі тағамды сипаттайды. Ойыншы сипаттама бойынша тағамның атын табады.

«Ойлан, ізде, тап!» (4-жаттығу)

Сөзжұмбақ шешу

Оқушылар сөзжұмбақты шешіп, нәтижесін таныстырады.

Жазылым (5-жаттығу): сөздерді топтастыру

Жұптық жұмыс

Сөзжұмбақ шешуінен шыққан сөздерді «ішемін» және «жеймін» бағандарына бөліп жазады. Осы арқылы ЖАДА дағдылары қалыптасады.