Қайыңды Сабақтың қорытындылау

Сабақтың тақырыбы

Бауырластық деген не? М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесіндегі жетімдер тағдыры.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: соғыс жылдарындағы жетім балаларға көрсетілген қамқорлықты таныту.

  • Дамытушылық: шығарманың адамгершілік, тәрбиелік мәнін ұғынып, өз пікірін дәлелді түрде қалыптастыруға бағыттау.

  • Тәрбиелік: қайырымдылыққа, бірлік пен достыққа, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: проблемалық оқыту, баяндау, тестілеу, сөздік жұмысы

Пәнаралық байланыс: тарих

Көрнекіліктер

  • Жазушының портреті
  • Шығармалар жинағының шағын көрмесі

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың жұмысқа дайындығы, назарды тақырыпқа шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үзіндіні өз бетінше оқып келу тапсырмасы бойынша мазмұнды пысықтау.

Ой шақыру: тірек ұғымдар

Оқушылар төмендегі ұғымдарға сүйене отырып, өз ойларын айтады және пікірін шығармадағы көріністермен байланыстыра дәлелдейді.

Бауырмалдық Достық Қайырымдылық

Проблемалық-бағыттаушы сұрақтар

Шығарманың мазмұны мен кейіпкерлерін тереңірек ұғыну үшін төмендегі сұрақтар ұсынылады.

  1. Шығарма кімнің сөзімен басталады? Сол сөзден нені байқауға болады?
  2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды?
  3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден туындады?
  4. Зигфридтің Ахмет ақсақалдың отбасына бауыр басуына кімдер ықпал етті?
  5. Ахмет өз ұлдары мен Зекеннің қандай мінез-құлықтарын ұқсастырады?

Венн диаграммасы: тапсырма

Кейіпкерлер мен құндылықтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, Венн диаграммасы арқылы қорытынды жасайды.

Ұлттық салт-дәстүр және ұлттық ойындар

Мәтіндегі салт-дәстүр атауларын және ұлттық ойындарды анықтап, мағынасын талдау.

Салт-дәстүрлер

  • Тілін кәлимаға келтіру
  • Сүндетке отырғызу
  • Жілік ұстар тойы

Ұлттық ойындар

  • Көкпар
  • Күрес
  • Асық
  • Айгөлек

Түсіндірме сөздікпен жұмыс

Гимнастерка
Әскери киім; тығыз матадан тігілген жейде.
Протез
Жоқ дене мүшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды мүше.
Лобогрейка
Егін шабатын машина.
Раса
Адамдардың өң-түс ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі (нәсіл).
Детдом
Жетім балалар үйі.
Галифе
Тізеден жоғары жағы кең, балағы тар шалбар.

Бекіту: тест тапсырмалары

Оқушылар шығарманы түсіну деңгейін төмендегі сұрақтар арқылы тексереді.

1. «Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал» деген кімнің сөзі?

  • а) Дәуренбек
  • б) Ахмет
  • в) Басқарма
  • г) Есепші

2. Қара галифе шалбар, әскери гимнастерка киген жігіт кім?

  • а) Берден
  • б) Дәуренбек
  • в) Тілеубай
  • г) Бегімбетов

3. Ауылға неше жетім бала келді?

  • а) Алты
  • б) Бес
  • в) Жеті
  • г) Төрт

4. Ахмет ақсақал Сейітбек қожаны не үшін шақырды?

  • а) Тілін кәлимаға келтіру үшін
  • б) Сүндетке отырғызу үшін
  • в) Қазақша ат қою үшін

5. Кеште айтылған әндер.

  • а) «Маңмаңгер», «Ақ босаға»
  • б) «Күміс құмған-ай»
  • в) «Бір бала», «Жеті арал жерім-ай»
  • г) «Атамекен»

6. «Жауды аяған жаралы дегенді білмеуші ме едің?» — деп Дәуренбек кімге айтты?

  • а) Басқармаға
  • б) Ахметке
  • в) Елге
  • г) Өз-өзіне

7. Зигфрид қай дыбыстарды дұрыс айта алмайды?

  • а) Г, Ғ
  • б) Ұ, Ү
  • в) Х, Ң
  • г) К, Қ

8. Ертай мен Нартай неге ажырағысы келмеді?

  • а) Үйренісіп қалғандықтан
  • б) Әр үйдің балалары болғандықтан
  • в) Еш себепсіз

9. Зигфридтің мінезі қандай?

  • а) Кекшіл
  • б) Жайдары, пысық
  • в) Қорқақ
  • г) Бұзық

10. Ахмет ақсақал қай ауылға қоныс аударды?

  • а) Қызыл ту
  • б) Ауыл тұрмысы
  • в) Қайрат
  • г) Қайыңды

Сабақты қорытындылау

Шығармаға арқау болған соғыс жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірген кең пейілді қазақ халқының бауырмал екенін тағы бір мәрте таныдық. Мұның дәлелін бүгінгі көпұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқанынан да көруге болады.

Үй тапсырмасы

«Біз — бейбіт елдің ұландарымыз» тақырыбына шығарма жазып келу.

Бағалау

Оқушылардың жауаптарының дәлелділігі, мәтінмен байланысы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.