Тест тапсырмасын орындау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

MS Word редакторында «Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері» тақырыбы бойынша оқушыларға толық әрі түсінікті мәлімет беру.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін және танымдық белсенділікті арттыру, компьютермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, алған білімді тәжірибеде қолдануға ықпал ету.

Тәрбиелік

Мәтінді сауатты теруге, жүйелілікке, еңбекқорлыққа, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын реттеу, жұмыс тәртібін еске салу.

II. Үй тапсырмасын тексеру («Алтын тасты сұрақтар»)

Үй тапсырмасы сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеріледі. Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  1. 1. Слайдта берілген терезе қай программаның терезесі?
  2. 2. Microsoft Word — бұл не?
  3. 3. Microsoft Word бағдарламасын қалай іске қосамыз?
  4. 4. Microsoft Word терезесінің негізгі элементтері қандай?
  5. 5. Құжатты сақтау әрекеті қалай орындалады?
  6. 6. Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін қандай әрекеттерді орындауға болады?
  7. 7. Қайсысы мәтіндік редактор емес?

III. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

Сабақтың тақырыбы жарияланып, күтілетін нәтиже мен бағалау критерийлері қысқаша түсіндіріледі.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

MS Word бағдарламасын іске қосу

Жаңа сабақты бастамас бұрын мәтіндік редакторды іске қосу әрекетін еске түсіреміз:

Пуск Программы Microsoft Word

Мәтінді пішімдеу нені қамтиды?

  • Әртүрлі қаріптерді (шрифттерді) пайдалану.
  • Құжат өрістерін өзгерту: сол, оң, жоғары, төменгі өрістер.
  • Мәтінді бағандарға бөлу.
  • Символ, абзац және бет параметрлерін баптау.

Ерекшелеу (таңдау) тәсілдері

  • Сөзді ерекшелеу: сөздің үстінен тінтуірмен екі рет шерту.
  • Сөйлемді ерекшелеу: Ctrl пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез келген жерін бір рет шерту.
  • Абзацты ерекшелеу: тінтуірмен үш рет шерту.
  • Бүкіл құжатты ерекшелеу: Ctrl + A немесе Правка мәзірі → Выделить все.

Пішімдеуге арналған пернелер комбинациялары

Комбинация Әрекет
Ctrl + I Курсив
Ctrl + U Асты сызылған
Ctrl + B Жартылай қалың
Ctrl + E Ортаға туралау
Ctrl + L Сол жақ шеті бойынша туралау
Ctrl + R Оң жақ шеті бойынша туралау
Ctrl + J Ені бойынша туралау (екі жақ шеті бойынша)

Ескерту: пернелер комбинациялары Word нұсқасына байланысты сәл өзгеруі мүмкін, алайда ең жиі қолданылатын стандарттар осылар.

V. Сабақты бекіту: практикалық жұмыс

Практикалық жұмысқа кіріспес бұрын компьютермен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңіз.

A деңгейі

Оқулықтағы мәтінді көшіріп жазып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

  1. 1-тапсырмадағы «Компьютерлік вирус» сөзін қалың және курсив етіп белгілеңіз.
  2. Мәтіндегі Microsoft және Concert сөздерінің астын сызыңыз.
  3. Құжатты «Вирус» атауымен сақтаңыз.

B деңгейі

Келесі тапсырмаларды орындаңыз:

  1. 2-тапсырмада суреттермен берілген ақпаратты сөзбен жазыңыз.
  2. Мәтін бөліктерін әртүрлі қаріптермен ерекшлеңіз.
  3. Құжатты өз атыңызбен сақтаңыз.

VI. Сабақты бекіту: ойын элементтері

1) «Сиқырлы шарлар»

Пішімдеу панеліндегі батырмаларды табыңыз. Дұрыс тапқан сайын «шар» жоғары көтеріледі.

2) «Асқабақтарды жина!»

Мәтінді туралауға арналған батырмалары бар «асқабақтарды» жинаңыз.

VII. Сергіту сәті (2 минут)

Көзге арналған электрондық жаттығулар орындалады.

VIII. Қорытындылау (рефлексия)

Оқушылар MS Word мәтіндік процессорының терезе элементтерімен танысып, мәтінді пішімдеу және құжатпен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін қолданады. Қорытынды бөлімде мына сұрақтар талқыланады:

  • Қандай мүмкіндіктерді байқадыңыз?
  • Қай тұсы ыңғайсыз болды?
  • Бұрын қолданған бағдарламалармен салыстырғанда қандай артықшылықтары бар?
  • Бұл бағдарлама туралы тағы не білгіңіз келеді?

IX. Үй тапсырмасы

  • §17-ні оқу.
  • Бақылау сұрақтарына жауап беру.
  • Тест тапсырмасын орындау.

X. Оқушыларды бағалау

Бағалау практикалық жұмыстың орындалу сапасына, пернелер комбинацияларын дұрыс қолдануына және сабақ барысындағы белсенділігіне қарай жүргізіледі.

Толық нұсқасын жүктеу