Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Дыбыс және әріп

Мақсаты: дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырату, білімді жаттығулар арқылы бекіту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: көкөніс, жеміс-жидек суреттері, әріптер, слайд

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, жазу жұмысы, ойын, топтық жұмыс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Арайлап таң атты,
Күн шуағын таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.

2) Негізгі бөлім

Жаңылтпаш

Қырық қырықтықшы
Қырық қырықтықпен
Қой қырықты

Осы жаңылтпаштағы сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталады? Олай болса, бәріміз Қ дыбысын көркем жазамыз.

Түсіндіру

Оқушылар, бізге не естіліп тұр? — Дыбыс.

Мысалы, менің айтқанымды дыбыс арқылы естіп тұрмыз.

Дыбыс — әріптердің ауызша айтылып, құлаққа естілуі.

Әріп — дыбыстың жазбаша таңбалануы.

Сұрақ: дыбыс түрлері нешеу?

Жаттығулар

1-жаттығу

Суретке назар аударайық. Суреттен көкөністерді атап, жеміс-жидектерді ажыратып айтайық. Әр сөзде неше дыбыс және неше әріп бар екенін анықтайық.

2-жаттығу

  • Алдымен жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді, содан соң жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жаз.
  • Әр топтан 2 сөз таңдап, сөйлем құра.

Сергіту сәті

Сөз құрау (4 оқушы): алма, амал, мата, тал, тас, таса, мал, ала, сат, атам.

3-жаттығу

Өлеңді түсініп оқы:

Алақай, алақай —
Шаттанды балақай:
Сабақты сағындық,
Мектепке ағылдық.

Бір сыныпқа көштік біз,
Бір жасқа өстік біз.
Береке — салты күз,
Мереке — алтын күз.

Тапсырма: «Алақай», «мектеп», «береке» сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

Үлгі: талдауды 5 қатарға түсіріп, үш сөздің құрылымын толық көрсет.

5-жаттығу

Логоритмді оқы:

Көңіліміз ақ,
Қуантатын шақ.
Жерге қонды ұшақ,
Қарсы ал, жайып құшақ.

Тапсырма: қарамен берілген сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықта.

Бақылау: сөздердің мағынасы қалай өзгерді?

Ақ → шақ → ұшақ → құшақ

Әріп қосылған сайын сөздің мағынасы өзгеріп, жаңа сөз пайда болады. Тағы қандай әріп қоссаң, басқа сөздер шығуы мүмкін?

Қосымша материал

Қай дыбысқа қай әріп сәйкес келетінін анықта (дыбыс пен әріптің сәйкестігін тап).

Қорытынды

Бекіту: тест арқылы қорытындылау.

Бағалау: сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы: 4-жаттығу.