Тарт колыңды баладан

Балалар - біздің болашақ
Қасым Аманжолов
Балалар - біздің болашақ,
Сүйсінеміз, сүйеміз.
Бұл болашак тамаша - ақ!
Болашаққа иеміз.
Көтеріп жас сәбиді,
Күлші, бөпе, күл! - дейміз.
Көңіл дария шалқиды,
Балалармен гүлдейміз.
Алға кетіп барамыз
Болашақты құшақтап.
Жыламайды баламыз
Көзден жасы бұршақтап.
Жыламайды баламыз,
Жылатпаймыз еш уақыт.
Бәрі бізде, қараңыз:
Өмір, өлең, күш, бақыт!
Алтын оты үміттің,
Көзіміздің қарасы;
Балапаны бүркіттің
Біздің елдің баласы...
Түстік Корей көгінде
Жүр айналып қара құс.
Құмартады ол өлімге,
Қызу майдан қан соғыс.
Өлген ана жанында
Еңбектейді жас бала.
Шашақ атқан шағында
Бұл не деген масқара?!
Сұмдар қаңғып даланы,
Өлім екпек болады.
Дүниеде барлық баланы
Жетім етпек болады.
- Тарт колыңды баладан!
Өңшең жауыз сүмырай!.. -
Деп түр бүгін әр адам,
Көкірегіне кек сыймай.
Жыламайды баламыз,
Жылатпаймыз еш уақыт!
Бәрі бізде, қараңыз:
Өмір, өлең, күш, бақыт!..



Ұқсас жұмыстар

Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал
Ілияс Жансүгіров. КҮЙШІ (Поэма)
Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Қазақ және ағылшын тілдерінде бұйрық мәнінің білдірілуі
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894-1938)- әрі лирик, әрі эпик ақын
Төле би жайлы
Мейірімділік
Азаматтарды қабылдау және мемлекеттік органның олардың өтініштерін қарау тәртібі.
Жиынтық табысты есептеу тәртібі
АВТОМОБИЛЬДІҢ ТАРТУЫН ЕСЕПТЕУ
Өнеркәсіптің инвестийиялық тартымдылық бағасы.
Судың құқықтық тәртібі және оны қорғау
Талтаңбаевтың тәртібі
Көрсет қолыңды
Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық
Қолыңды бер, жүрегіңді бер