Септік сұрақтарына жауап беретін сөзді жауап қайтару

Сабақтың тақырыбы

Шығыс септік

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды шығыс септіктің жалғауларымен таныстыру, оның сұрақтарын меңгерту және шығыс септіктегі сөздердің етістікпен байланысатынын түсіндіру. Осы негізде жаттығулар орындауға бағыттау.

Дамытушылық

Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау және зерделеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Сауаттылыққа, мәдениетті әрі дұрыс сөйлеуге, жылдамдыққа, ұқыпты және таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі мен типі

  • Сабақтың түрі: аралас сабақ
  • Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақтадағы слайдтар
  • Үнтаспа
  • Септіктер кестесі
  • Суреттер

Пәнаралық байланыс

Математика Сурет Ана тілі Музыка

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

0–3 минут

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

4–10 минут

а) Жаттығуды тексеру

Үйге берілген 5-жаттығуды оқытып, орындалуын тексеру. Дәптерлерді жинау.

ә) «Орамал тастамақ» ойыны

Шарты: септік сұрақтарына жауап беретін сөзді тауып, жылдам жауап қайтару.

III. Жаңа сабақ

11+ минут

Қызығушылықты ояту

«Септік атайдың шығыс баласы қандай болды? Неліктен “Шығыс” деп аталды?» деген жетекші сұрақтар арқылы тақырыпқа кіріспе жасау.

Қайталау және бекіту

Шығыс септіктің сұрақтары мен жалғауларын еске түсіріп, қайталау. Шығыс септіктегі сөздердің етістікпен байланысын нақтылау.