Сабағымыз Бөлшектер мен үлестер

Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы

Бұл сабақта оқушылар бөлшек пен үлес ұғымдарын меңгеріп, бөлшектің алымы мен бөлімі туралы нақты түсінік қалыптастырады. Сондай-ақ бөлшектерді дұрыс жазуға дағдыланады.

Сабақ типі

Жаңа сабақ (жаңа білімді меңгерту)

Сабақ түрі

Ойын сабақ

Формасы

Топтық, жеке, ұжымдық

Көрнекілігі

Интерактивті тақта

Мақсаттары

1) Білімдік мақсат

  • Бөлшек пен үлес ұғымдарын қалыптастыру.
  • Бөлшектің алымы мен бөлімін ажыратуды үйрету.
  • Бөлшектерді дұрыс жазуға дағдыландыру.
  • Қозғалысқа берілген есептерді шығару арқылы білімді бекіту.
  • Қалдықпен бөлуді және теңдеу шешуді қайталау.

2) Дамытушылық мақсат

  • Тез есептеу мен есте сақтауды дамыту.
  • Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылық пен іскерлік дағдыларын нығайту.
  • Математика пәніне қызығушылықты арттыру.

3) Тәрбиелік мақсат

  • Оқушыларды тапқырлыққа, білімпаздыққа баулу.
  • Ақыл-ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Әдістер мен тәсілдер

Сабақ барысында оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін әртүрлі әдістер қолданылады:

сұрақ-жауап түсіндіру практикалық жұмыс қызығушылық ояту ойын ойландыру ізденіс өзіндік жұмыс ой қозғау проблемалық оқыту ақпараттық технология

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық ахуал)

Мақсатымыз — білім алу,
міндетіміз — еңбектену.

2. Жаңа сабаққа кіріспе (ой шақыру)

Мұғалім сыныппен сұхбат жүргізіп, сабақтың тақырыбын мерекелік мазмұнмен байланыстырады.

Сұрақ: Алдымызда қандай мереке келе жатыр? (Жауап: Тәуелсіздік күні)

Сұрақ: Тәуелсіздікке неше жыл толады? (Жауап: 20 жыл)

Сұрақ: Тәуелсіздікті қашан алдық? (Жауап: 1991 жылғы 16 желтоқсан)

Дұрыс жауаптар арқылы оқушылар алда үлкен мереке — Тәуелсіздіктің 20 жылдығына дайындық жүріп жатқанын атап өтеді. Бүгінгі сабақ осы мерекеге арналып, «Тәуелсіздік тарланы» ойын желісімен өтеді.

3. Ойын құрылымы: «Тәуелсіздік тарланы»

Оқушылар 7 басқыштан өтеді. Әр басқышта жеке тапсырма беріліп, оны дұрыс әрі шапшаң орындаған оқушылар «Тәуелсіздік тарланы» атағына ие болады.

Неге 7 басқыш?

7 саны қазақ халқында киелі сан ретінде танылады. Осыған байланысты мұғалім сыныпқа: «7 санына қатысты қандай ұғымдарды білесіңдер?» деген сұрақ қойып, ой қозғайды.