Табыс септік жалғауының астын сыз

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Қазақ тілі, 4-сынып

Тақырып

Табыс септік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығы, 4-сынып, «Атамұра» баспасы

Сабақ мақсаттары

Сабақ соңында оқушылар табыс септіктің сұрақтарын, жалғауларын және сөйлемдегі қызметін нақты ажырата алады.

Барлық оқушылар:

  • Зат есімнің септелуі туралы біледі.
  • Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді.
  • Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін және оның жалғауларын біледі.
  • Табыс септіктегі сөздің сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын және өзіндік ерекшелігін меңгереді.

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

  1. 1 Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  2. 2 Ынтымақтастық атмосферасын құру.
  3. 3 Оқушыларды септік сұрақтары арқылы топқа бөлу: Кім? Не? Кімнің? Ненің? Кімге? Неге? Қайда? Кімді? Нені?

Қызығушылықты ояту (3 минут)

«Тікелей эфир» әдісі

Өткен сабақтарды қайталау мақсатында Балнұр бейнежазба арқылы алдын ала дайындаған сұрақтарын қояды.

1) Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғаулар қалай аталады?

Жауап: септік жалғаулары

2) Қазақ тілінде неше септік бар?

Жауап: 7

3) Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруі қалай аталады?

Жауап: зат есімнің септелуі

Білу: жаңа тақырыпты меңгерту (5 минут)

Ой шақыру

Ойын: «Ата мен әженің заттарын жинап бер».

48-жаттығу

  • Мәтінді оқып, көшіріп жаз.
  • Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
  • Олардың қай септікте тұрғанын анықта.
  • Табыс септік жалғауының астын сыз.

Сөйлемдер

Айжан кітапты көп оқиды.

Оқушылар қысқы демалысты қызықты өткізді.

Әкесі Әселді мұражайға апарды.

Шекараны шекарашылар күзетеді.

Ұшқыш ұшақты ұшырды.

Ескерту: Қарамен белгіленген сөздер табыс септікте тұр; олар «Кімді? Нені?» сұрақтарына жауап береді.

Қорытынды бағыт

Табыс септік — қимылдың тікелей әсерін қабылдайтын толықтауышты білдіреді. Ол көбіне сөйлемде тұрлаусыз мүше қызметін атқарады және «Кімді? Нені?» сұрақтарына жауап береді.

Табыс септікті бекіту

Оқушылар сөйлемнен табыс септіктегі сөздерді тауып, сұрақ қойып, жалғауын ажыратады. Тапсырма орындау барысында толықтауыштың сөйлемдегі қызметіне назар аударады.