Практикалық бөлім

Информатика • 5-сынып

Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс

Бұл сабақта оқушылар Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде қолданып, негізгі құралдармен жұмыс істеуді меңгереді.

Сабақтың типі

Практикалық сабақ

Сабақтың түрі

Топтық және жеке жұмыс

Көрнекіліктер

  • Компьютер
  • Жұмыс дәптері

Сабақ мақсаты

Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыларды негізгі құралдармен жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік

Paint графикалық редакторының міндеттерін түсіну және құралдарын практикалық жұмыстарда дұрыс қолдану.

Дамытушылық

Практикалық тапсырмалар арқылы білімін, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік

Еңбекқорлыққа, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, пәнге қызығушылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру

    Сабаққа дайындық, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру, мақсатпен танысу.

  2. 2

    Практикалық бөлім

    Paint құралдарын қолданып, берілген суреттерді құрастыру.

  3. 3

    Сабақты бекіту

    Орындаған жұмыстарды талқылау, қиындықтарды анықтау, қысқаша сұрақ-жауап.

  4. 4

    Қорытындылау

    Нәтижені қорытындылау, бағалау және кері байланыс.

Практикалық бөлім

Практикалық жұмыс №1

Құрал: Сызық (Линия)

Қалыңдық + түс

Сызық құралын қолданып, қалыңдығы мен түсі әртүрлі сызықтар арқылы индекс цифрларын салыңыз.

Практикалық жұмыс №2

Құрал: Сызық (Линия)

Пішін: өрмек торы

Сызық құралын пайдаланып, өрмекшінің торын салыңыз.

Жұмыс істеп ұзақ,

Өрмекші құрды тұзақ.

Болмады бірақ күткені —

Оған ешкім түспеді.

Практикалық жұмыс №3

Құрал: Сызық (Линия)

Нысан: жайра

Сызық құралын қолданып, қалыңдығы мен түсі әртүрлі сызықтармен жайраның суретін салыңыз.

Үсті-басы ине,

Бұл не деген бейне?

Кірпіге ұқсас заты,

Жайра оның аты.

Практикалық жұмыс №4

Құрал: Сызық (Линия)

Нысан: ағаш

Сызық құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әртүрлі сызықтармен ағаштың суретін салыңыз.

Практикалық жұмыс №5

Құрал: Тіктөртбұрыш (Прямоугольник)

Нысан: поезд

Тіктөртбұрыш құралын қолданып, қалыңдығы мен түсі әртүрлі сызықтармен поездың суретін салыңыз.