Көбейтудің компоненттерін ата

Сабақтың тақырыбы

Тік төртбұрыштың ауданын есептеудің жалпы тәсілі.

Сабақтың мақсаты

  • Тік төртбұрыштың ауданын табуды үйрету; ауданның өлшем бірліктерін меңгерту.
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.
  • Білімге деген қызығушылық пен құштарлықты арттыру.

Көрнекіліктер

Кеспе қағаздар, плакат, суреттер, қызықты есептер, фигуралар.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық арқылы жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Сұрақ-жауап

Таңертең ұйқыдан тұрғанда нені көресіңдер?
Күнді.
Күнді көргенде қалай қуанасыңдар?
Шапалақтаймыз.
Күн бізге жылуын шаша ма, әлде суығын төге ме?
Күн жарқырап, жылуын төгеді.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн бізге
Сәттілікке толсын!

II. Үй тапсырмасын тексеру

А бөлімі — №7

10 және 2 сандарын пайдаланып, өрнек құрастыр.

Ә бөлімі — «Есіңе түсір» тренингі

  1. 1Көбейтудің компоненттерін ата.
  2. 2Қандай геометриялық фигураларды білесің?
  3. 31 жылда неше ай бар?
  4. 41 сағатта неше минут бар?
  5. 51 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
  6. 6x · 3 = 9 — бұл қандай теңдеу?
  7. 7a + 37 — қандай өрнек?
  8. 8Қандай санды 2-ге көбейткенде 16 шығады?
  9. 9Қызыл түсті, дөңгелек пішінді заттарды ата.
  10. 1028 : 4 = ?
  11. 1124 теңгенің 4-тен бір бөлігі қанша?
  12. 12Ойлаған санға 30-ды қосқанда 40 шықты. Ойлаған сан неше?
  13. 13Қосудың компоненттерін ата.
  14. 1430-ды 5 есе кеміт.
  15. 15Периметрді қалай табамыз?
  16. 165 · 6 = ?
  17. 17Тік төртбұрыш дегеніміз не?
  18. 18Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
  19. 19Шаршы дегеніміз не?
  20. 20Ауданның өлшем бірліктерін ата.

Көркем жазу

Сандарды көркем етіп жаз: 8, 3, 6, 9, 0

III. Жаңа материал

Негізгі ереже

Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның ұзындығын еніне көбейтеміз (өлшем бірліктері бірдей болуы керек).

Мысал:

4 см · 2 см = 8 см²

Жедел еске салу

  • Аудан бірлігі: см², м² және т.б.
  • Периметр: қабырғалардың қосындысы.

№2 (А)

Өлшемдері: 2 см және 5 см.

Периметр:

2 + 5 + 2 + 5 = 14 см

Аудан:

2 · 5 = 10 см²

№2 (Ә)

Өлшемдері: 4 см және 4 см.

Аудан:

4 · 4 = 16 см²

Периметр:

4 + 4 + 4 + 4 = 16 см

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы зейінді жаңғырту.

Жеке жұмыс

Таңдалған тіктөртбұрышты өлшеп, ауданын есепте.

А

Қызыл түсті тіктөртбұрыш

Ә

Көк түсті тіктөртбұрыш

Б

Жасыл түсті тіктөртбұрыш

В

Сары түсті тіктөртбұрыш

№4 — Есеп

Берілгені: беткі ені — 40 м. Табаны — 10 есе кем. Тереңдігі — табанынан 1 м артық.

Шешуі

40 : 10 = 4

4 + 1 = 5

Жауабы: тереңдігі — 5 м.

Қызықты есептер

  1. а)

    Ағасында 2 дәптер, інісінде 12 дәптер бар. Екеуінің дәптері тең болуы үшін дәптерді қалай бөлісу керек?

  2. ә)

    Екі қыз шахматты 2 сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

  3. б)

    Бір тұтас алманы тең етіп 2 бөлікке бөлгенде, бірінші жартысы неге ұқсайды?

Ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа үйрету. Алфавиттегі әріптерге ондықтарды сәйкестендіру арқылы тапсырмаларды орындау.

Есептеулер

  • 5 · 2 = ?
  • 26 · 10 = ?
  • 140 : 2 = ?
  • 2 · 5 = ?
  • 90 · 2 = ?

Сәйкестендіру

10
А
260
У
70
Д
10
А
180
Н

Нәтиже:

Тіктөртбұрыштың ауданы

Сабақты қорытындылау

Біз не білдік?

  • Тік төртбұрыштың ауданын табу ережесін.
  • Периметр мен ауданның айырмашылығын.
  • Аудан өлшем бірліктерін (см², м²).

Бағалау

Оқушылардың қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

Дәптердің ауданын өлшеп, есептеп кел.