Жұмыс істеу принциптерін түсіну мен қатар алгоритммен программалау тілінде жазылу ерекшеліктерін ұғынып, қарапайым сызықтық программаларды жазуға дағдыландыру

Сабақтың тақырыбы

Енгізу және шығару операторлары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Мәліметтерді енгізу және шығару операторларының жазылу ережелерін түсіндіру.
  • Теориялық білімді нығайту.
  • Оқушылардың Паскаль тілінде сауатты бағдарлама құра алуын тексеру.

Дамытушылық

  • Жұмыс істеу принциптерін түсіну.
  • Алгоритмнің бағдарламалау тілінде жазылу ерекшеліктерін ұғындыру.
  • Қарапайым сызықтық бағдарламалар жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Ойлау және өзін-өзі тексеру қабілетін дамыту.
  • Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру.
  • Пәнге қызығушылық пен шығармашылықты арттыру.

Сабақты ұйымдастыру

Сабақ форматы

Сабақ әдісі
Сұрақ–жауап
Сабақ түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту
Оқыту формасы
Блум жүйесінің элементтері

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Компьютер
  • Сызбалар

Сабақ барысы

I. Психологиялық даярлық

Оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту және жұмысқа бағыттау.

II. Білім (үй тапсырмасын пысықтау)

А) Операторлардың жалпы жазылу түрі қалай сипатталады?

BEGIN
  1-оператор
  2-оператор
  ...
  n-оператор
END

Ә) Тілдің қарапайым объектілеріне қандай ұғымдар жатады?

Сан тұрақты, айнымалы, функция, өрнек, идентификатор.

Б) Паскаль тілінде қандай сандар пайдаланылады?

Ондық және оналтылық жүйедегі бүтін сандар.

В) Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм — берілген есептің шешу жолын реттелген амалдар тізбегі түрінде сипаттау.

Тапсырма: алгоритмді өмірмен байланыстырып мысал келтіріңдер.

Г) Блок-схема дегеніміз не?

Блок-схема — алгоритмнің схемалық (графикалық) түрде берілуі.

III. Түсіну: енгізу және шығару операторлары

Енгізу

READ / READLN

Input

Read (ағылш. read — “оқу”) операторы идентификаторлардан (айнымалылар тізімінен) тұрады: мәндерді оқып, оларды айнымалыларға меншіктейді.

read(a, b, c);

Readln операторы Read-тен ерекшеленеді: енгізу аяқталған соң курсор келесі жолға өтеді. Егер бірнеше енгізу қатар жазылса, келесі мәндер жаңа жолдан теріледі.

var a, b, c, d: real;
begin
  read(a, b);
  read(c, d);
  readln(c, d);
end.

Ескерту

Енгізу операторынан кейін міндетті түрде нүктелі үтір ; қойылады.

Шығару

WRITE / WRITELN

Output

Write (ағылш. write — “жазу”) операторы айнымалылардың, тұрақтылардың немесе өрнектердің мәнін экранға шығарады.

write(153);
write(a + b);
write(a[1]);

Қажет болған жағдайда Writeln операторын қолданып, нәтижені жаңа жолға түсіруге болады.

IV. Талдау: енгізу мен шығару операторларын салыстыру

Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру:

READ / READLN

  • Мәліметті пернетақтадан қабылдайды.
  • Мәнді айнымалыға меншіктейді.
  • Айнымалылар тізімімен жұмыс істейді.

Ортақ

  • Екеуі де дөңгелек жақшадағы параметрлермен жазылады.
  • Оператор соңында нүктелі үтір қойылады.
  • Мәлімет алмасудың негізгі құралдары болып табылады.

WRITE / WRITELN

  • Нәтижені экранға шығарады.
  • Тұрақтыны, айнымалыны немесе өрнек нәтижесін шығарады.
  • Ақпаратты пайдаланушыға көрнекі түрде ұсынады.