Дәстүрлі емес саяхат сабақ

Семей қаласы

Қ. Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Байжуманова Калимаш Жағыпаровна

Сабақтың тақырыбы

Түбір және қосымша

Сабақ форматы

Өткенді қайталау • Дәстүрлі емес «саяхат сабақ»

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Білімдік

Түбір мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбір сөзден қосымшаны ажырата білу арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету және белсенділігін арттыру.

Дамытушылық

Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткізе білу, шығармашылық қабілетті дамыту. Байланыстырып сөйлеу мен көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Жаңа технологияларға сүйене отырып, жаңа және өткен тақырып бойынша білімді тиянақтау. Сауаттылыққа, әділдікке және жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен әдістер

Көрнекіліктер

  • «Білім еліне саяхат» сызбасы
  • Сиқырлы куб
  • Карточкалар
  • Жұмбақтар
  • Мақал-мәтелдер
  • Семантикалық карта

Әдіс-тәсілдер

  • Топпен жұмыс
  • Шығармашылық жұмыс
  • Кубизм стратегиясы
  • Семантикалық карта
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: «Білім еліне саяхат»

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2) Психологиялық дайындық

Бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтардың алдында өз білімімізді жинақтап, белсенді түрде жұмыс істейік.

Жұмысқа шақыру шумағы

Кел, балалар, ойлайық,
Жазайық та, толғайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.

Қазақ тілі туралы тақпақ

Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім.

3) Ой қозғау

Терезеге қарап, жылдың қай мезгілі екенін анықтаймыз. Қыс.

Жұмбақ

Қыста жер бетін жабады,
Ал көктемде су болып ағады.

Жауабы: қар

Дәптерге күнді және «Сынып жұмысы» деп жазып, «қар» сөзін бір жолға көркем етіп жазамыз.

Бүгін бәріміз «Білім еліне» саяхат жасаймыз.

4) Үй тапсырмасын тексеру — «Мектеп аялдамасы»

Үйге берілген тапсырма: түбір мен қосымша туралы ережені қайталау.

Әр топқа «сиқырлы куб» ұсынылады. Кубтағы сұрақтарға жауап беру арқылы білім деңгейі тексеріледі.

1-топ сұрақтары

  1. Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Сөз құрамына не жатады?
  3. Қосымша мен түбір сөзді салыстыр.

2-топ сұрақтары

  1. Түбір сөз дегеніміз не?
  2. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
  3. Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?

5) Негізгі бөлім — «Білгірлер аялдамасы»

Бүгінгі сабақта өткен тақырыпты бекітіп, түбір мен қосымшаны ажырату дағдыларын жетілдіреміз.

1-топ тапсырмасы

Берілген сөздерден түбір сөзді тауып, тақтаға жазу:

Қыста, ағаштар, шанамен, қардан, терезеге

2-топ тапсырмасы

Түбірге жалғанатын қосымшаларды жазу:

-мен, -та, -ге, -тар, -дан

Шығармашылық жұмыс

Берілген сөздерді пайдаланып, әр топ қыс туралы қысқа мәтін құрастырып, дәптерге жазады.

Сергіту сәті

Музыкалық сергіту жаттығулары орындалады (музыканы мұғалім таңдайды).

Кітап туралы мақал-мәтелдер

  • Кітапты жастан оқы.
  • Оқымай білім жұқпас.
  • Білімсізден өнер шықпас.

Оқулықпен жұмыс

1-топ

95-бет, 255-жаттығу

2-топ

95-бет, 256-жаттығу

Екі оқушы тақтаға шығып орындайды.

«Мергендер аялдамасы» — бекіту

Келесі тапсырма: семантикалық картаны толтыру. Мақсат — түбір мен қосымшаны дұрыс ажыратып, білімді нақтылау.

6) Қорытынды

«Білім еліне» саяхат жасап, тапсырмаларды орындадық. Енді өз сыныбымызға ораламыз.

Қайталау сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта не істедік? (Жаттығулар орындадық, семантикалық карта толтырдық.)
  • Қандай тақырыпты қайталадық? (Түбір мен қосымша.)

Уәде-шумақ

«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.

7) Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланып, белсенді қатысқандар мадақталады.

8) Үй тапсырмасы

259-жаттығуды жаттау (ауызша).