Бүгінгі біздің Тілім менің - мәңгілік тақырыбым атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер
Кіріспе
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар!
2-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар!
1–2-жүргізуші: Бүгінгі «Тілім менің — мәңгілік тақырыбым» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін — не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!»Мағжан Жұмабаев
Ақын жырлағандай, ана тілі — халықтың рухани тірегі, ұлттың жадын сақтайтын мәңгілік құндылық. Осы сабақта 6 «А» сыныбы оқушыларымен бірге тілдің қадірі, білімдегі орны және ұлттық санадағы мәні туралы ой қозғаймыз.
1-бөлім: «Ана тілім — мерейім»
«Туған тілім — бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім — анам тілі, өз тілім.
Туған тілім — далам тілі, өз тілім,
Туған тілім — адам тілі, өз тілім.
Көк аспанда қанат қағып ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да.
Өз тілінде кісінейді құлыншақ,
Деген кім бар: “Өз тіліңді ұстанба”?»
Бұл бөлімде оқушылар ана тілі туралы өлеңдерді жатқа, мәнерлеп оқиды. Әрбір шумақ — тілге деген құрметтің, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің көрінісі.
Шешендік мұраға тағзым
2-жүргізуші: Ту еткен шешендік өнерді, қазақтың үш биі беделді. Елінің елдігін ойлаған ұлы тұлғаларды еске алып, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек биді атаймыз.
2-бөлім: «Ана тілі — білімнің кілті»
1-жүргізуші: Бұл бөлімде «Қазақ тілі» атты грамматикалық және танымдық сұрақтар қойылады. Оқушылар «ҚАЗАҚ ТІЛІ» сөзіндегі әріптердің бірін таңдап, сол әріпке жасырылған тапсырмаларды орындайды.
Қ — Халық ауыз әдебиеті
- Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
- Еңбек туралы мақал-мәтел айт.
- Жаңылтпаш айт.
А — Қазақ әдебиеті
- Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
- Абай айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата.
- Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады?
З — Қазақстан тарихы
- Ата Заң қашан қабылданды?
- Тәуелсіздік күнін қашан тойлайды?
- Алғашқы «Алтын адам» қайдан табылған?
А — География
- Қазақстанның ең биік тауы қандай? (Хан Тәңірі)
- Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
- Қазақстанда қанша облыс бар?
Қ — Қазақ тілі
- Көп тілді білетін адам кім?
- Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
- Сөз таптарын атап бер.
Т — Қасиетті сандар
- Қазақ халқының қасиетті сандарын ата.
- «Үш бәйтерек» кімдер?
- «Бес арыс» кімдер?
І — «Сен білесің бе?»
- Қазақтың атақты балуаны кім?
- «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан?
- Шыңғыстауда (Семей өңірінде) қандай атақты адамдар туған?
Л — Полиглот жұмбақтары
-
Асқар тауда қара орман
(шаш — волосы — hair) -
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер
(қол — рука — hand) -
Жүзіне салсаң көзіңді,
Көрсетеді өзіңді
(айна — зеркало — mirror)
«Бәйге» сұрақтары
- Өнер алды не? (қызыл тіл)
- Ең бірінші бақытым — ... (халқым)
- Үш биді ата. (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
- Тілдің ең негізгі қызметі қандай? (сөйлесу, қарым-қатынас жасау)
- «Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады? (сын есім)
- Ашу — дұшпан, ... (ақыл — дос)
- «Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
- Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? (бәйге)
- Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 ж. 11 шілде)
- Мұсылман дінінің қасиетті кітабы қандай? (Құран)
3-бөлім: «Тіл — жұтамас байлық»
«Мақал — сөздің мәйегі»
- Жеті рет өлшеп, ... (бір рет кес)
- Тіл тас жарады, ... (тас жармаса бас жарады)
- Тіл — жұтамас ... (байлық)
- Көп тыңда, ... (аз сөйле)
- Өнер көзі — ... (халықта)
- Ана тіліңді ұмытқаның — ... (өз ұлтыңды ұмытқаның)
- Ақыл азбайды, ... (білім тозбайды)
- Өнерлі ... (өрге жүзеді)
Ойын: «Кім жылдам, кім шапшаң?»
2-жүргізуші: Мен жаңылтпашты екі рет айтып беремін, ал сендер оны үш рет тоқтамай, мүдірмей қайталаңдар.
-
Аспан ақ па? Ақ қар ақ па?
Ақ қар ақ. Ақ парақ па? -
Ал же, же бал.
Бал же, жеп ал. -
Қанша ана сана?
Шана шөпке келді.
4-бөлім: Қорытынды
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен «Тілім менің — мәңгілік тақырыбым» атты ашық тәрбие сабағымыз аяқталды. Енді қатысушы мұғалімдерге сөз беріледі.
Мұғалімнің түйін сөзі
Ана тіліміз бүгінде кең өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі — қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес, көкірегімізге жазатын уақыт жетті. Ендеше мақсатымыз — ана тілімізді қадірлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Қымбатты шәкірттер! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүниежүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екенін ұмытпа. Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету — ендігі жерде өздеріңе байланысты.
Оқу-білім мен еңбек жолында ана тілінің қамқоры бола біліңдер!