Вдруг идет мимо медведь косолапый
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
Тақырыбы
«Үйшік – Теремок – Little House» ертегісі
Үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) қарапайым диалог арқылы ертегіні сахналауға арналған.
Мақсаты
- Балалардың ертегілер әлеміне қызығушылығын ояту және шығармашылық белсенділігін арттыру.
- Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
- Кейіпкер бейнесіне еніп, мінез-құлқын жеткізуге және диалог құрауға үйрету.
- Үш тілде қысқа тіркестерді қолдануға дағдыландыру.
- Адалдыққа, мейірімділікке, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
- Көрнекіліктер
- Орман көрінісі, үйшік макеті, аңдардың киімдері.
- Қатысушылар
- Мектепалды даярлық тобы және ортаңғы топ тәрбиеленушілері.
- Жүргізуші
- Ару Азаматқызы.
Ертегі желісі: «Үйшік – Теремок – Little House»
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде… Бұл ерте заманда болған оқиға еді. Орман ішінде кіп-кішкентай, ескі үйшік тұрады.
1-көрініс: Тышқан үйшікті табады
Далада теремок тұр: аласа да емес, биік те емес. Оның жанынан жүгіріп өткен тышқан үйшікті көріп, тоқтайды.
Тышқан:
— Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай үйшікте кім бар?
— Кто в теремочке живёт?
— What a nice house! Who lives here?
— Knock-knock-knock… (ешкім жауап бермейді)
— Nobody! I can live in this house.
Ешкім жауап бермеген соң, тышқан бос үйшікке кіріп, сонда тұра бастайды.
2-көрініс: Бақа келеді
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді де, есікті қағады.
Бақа:
— Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай үйшікте кім бар?
— Кто в теремочке живёт?
— What a nice house! Who lives here?
Тышқан:
— Мен тықырлауық тышқанмын!
— Я мышка-норушка.
— I am a mouse. I live in the house. And who are you?
Бақа өзін таныстырады. Екеуі келісіп, бірге тұрады.
3-көрініс: Қоян қосылады
Қоян секіріп келе жатып, үйшікті көреді де, тоқтап сұрайды.
Қоян:
— Бұл үйшікте кім тұрады?
— Кто в теремочке живёт?
— What a nice house! Who lives here?
Тышқан мен Бақа:
— Мен тықырлауық тышқанмын! Мен бақылдауық бақамын! Ал сен кімсің?
Қоян да келісіп, үйшікке кіріп, үшеуі тату-тәтті өмір сүре бастайды.
4-көрініс: Түлкі келеді
Орманда серуендеп жүрген түлкі әдемі үйшікті көріп, терезені қағып сұрайды.
Түлкі:
— Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай үйшікте кім бар?
— А кто в теремочке живёт?
— What a nice house! Who lives here?
Үй ішіндегілер өздерін таныстырып, түлкіні де бірге тұруға шақырады. Осылайша төртеуі бір шаңырақ астында өмір сүреді.
5-көрініс: Қасқыр қосылады
Бір кезде үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап, қасқыр келеді. Есікті қағып, қырылдаған даусымен сұрайды.
Қасқыр:
— Сүйкімді, кіп-кішкентай үйшікте кім бар?
— Кто в теремочке живёт?
— What a nice house! Who lives here?
Тышқан, бақа, қоян және түлкі өздерін таныстырады. Қасқыр да қысылып-қымтырылып ішке кіреді. Кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыя кетеді.
Олар бірге ән айтып, тату-тәтті өмір сүреді.
6-көрініс: Аю келеді
Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының әнін естіп, жақындайды да, бар даусымен сұрайды.
Аю:
— Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай үйшікте кім бар?
— Кто в теремочке живёт?
— What a nice house! Who lives here?
Үйдегілер кезек-кезек таныстырады:
- Тышқан: «Мен тықырлауық тышқанмын!»
- Бақа: «Мен бақылдауық бақамын!»
- Қоян: «Мен қорқақ қоянмын!»
- Түлкі: «Мен қу түлкімін!»
- Қасқыр: «Мен сұр қасқырмын!»
Аю: «Ал мен қорбаңбай аюмын!» дейді. Достар оны да бірге тұруға шақырады.
Аю үйшікке кірмек болып тырбаңдайды, бірақ басы өткенмен, денесі сыймайды. Сонда ол: «Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын», — дейді.
Үйдегілер ескертеді: «Жоқ, сен тым дәусің! Кішкентай үйшік көтере алмайды, құлатып аласың».
Бірақ аю тыңдамайды. Шатырға шыққан сәтте-ақ ескі үйшік сықырлап, быт-шыт болып құлайды.
Абырой болғанда, тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқырдың бәрі аман-есен сыртқа шығып үлгереді. Олар аюға ренжімейді. Қайта бәрі бірігіп бөренелер тасып, тақтай сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кіріседі.
Көп ұзамай достар өздеріне әп-әдемі, кең әрі берік жаңа үйшік салып алады.
Қорытынды: Достықтың күші
Бұл ертегі балаларға бірлік пен ұйымшылдықты, өзара көмекті және кешірімділікті үйретеді: қателік болса да, оны бірге түзетуге болады.
Достық әні
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Все: «Давайте жить дружно!»