Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Қасымова Айнұр Нұрбекқызы

Пәні: Қазақ әдебиеті • Сыныбы: 5-сынып

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі

Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға қазақ халқының ұлы ақыны Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша түсінік беру, ақынның «Балаларды оқуға шақыру» өлеңінің мазмұны мен идеясын таныту. Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, тілін жетілдіру, сөздік қорын толықтыру арқылы оқу мен білім алуға деген ынтасын қолдау.

Сабақтың міндеттері

  • 1) Қызығушылықты ояту

    Оқушылардың сабаққа ынтасын арттырып, белсенді қатысуына жағдай жасау.

  • 2) Тақырыппен таныстыру

    Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшыл Ахмет Байтұрсынұлымен таныстырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

  • 3) Ой қорытуға үйрету

    Сабақ бойынша қорытынды жасап, өзіндік тұжырым айту дағдысын қалыптастыру.

  • 4) Ынтымақтастықты дамыту

    Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекет ету мәдениетін қалыптастыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Жылы лебіз» тренингін өткізу.
  • Сұрақ:

    «Балалар, халықтың, мемлекеттің жұмылған жұдырықтай болып, өзге елдермен жақсы қарым-қатынаста болуы үшін ең басты не керек? Елді біріктіретін қандай қасиеттер бар?»

  • «Береке», «бірлік», «ынтымақ» сөздерін кезектесіп айтқызып, сол бойынша сыныпты топқа бөлу.
  • Топ басшысын анықтау.

Оқушының әрекеті

  • Бүгінгі сабақтағы көңіл күйін білдіреді.
  • Елді біріктіретін қасиеттер туралы өз ойын айтады.
  • «Береке», «бірлік», «ынтымақ» сөздері арқылы топқа бөлінеді.

Топтарға бөліну

1-топ

Береке

2-топ

Бірлік

3-топ

Ынтымақ

4-топ

Топ басшысы сайлау

Қызығушылықты ояту

«Ассоциация» стратегиясы

Сабақтың тақырыбын оқушылардың өздеріне анықтату мақсатында интербелсенді тақтадан тақырыпқа тікелей қатысты слайд көрсетіледі.

«Миға шабуыл» стратегиясы

Түрткі сұрақтар:

  • Осы слайдты көргенде қандай ой келді?
  • Бүгін сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыңдар?

Тілдік қорды толықтыру

Сөздік жұмысы

Төмендегі сөздер мен тіркестердің мағынасын ашып, қолдану аясын анықтау.

Тіл білімі

языкознание

Намысшыл

честолюбивый

Айып

обвинение

Атылды

был расстрелян

Беделді

авторитетный

Ағартушылық жол

просветительский путь

Тіл білімінің атасы

родоначальник языкознания

Мысалшы

баснописец

Қолдану үлгілері

  • Тіл білімі: қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі.
  • Тіл білімі тіл заңдылықтарын зерттейді.
  • Қазақ тіл білімінің атасы — А. Байтұрсынұлы.

Зерттеу және талдау тапсырмалары

Кесте толтыру

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кестені толтырып, жауап барысында пайдалану.

Маңызды оқиғалар Жылдар Шығармалары
     
     
     

Мәтінмен жұмыс: «Қандай?» сұрағы

Ақын туралы берілген мәтіннен «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу. Сол сөздермен сөз тіркестерін құрастырып, сөйлем жасау.

Тапсырма құрылымы

Қандай? Сөз тіркесі Сөйлем
     
     
     

Қосымша мақсат: сауатты оқушыны анықтау және жазылым дағдысын нығайту.