Алау жағу

Сабақтың бағыты

Тақырыбы
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
Түрі
Алған білімдерін бекіту сабағы
Әдісі
Ойын сабағы
Көрнекілігі
Сызбалар, сызба құралдары, слайдтар, спорт түрлері бейнеленген суреттер, жалаушалар, медальдар (макеттер).

Мақсаты

  • Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесін салуды, координаталары арқылы нүктені табуды және берілген нүктенің координатасын анықтауды үйрету.
  • Оқушылардың ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру.
  • Отансүйгіштікке ықпал ету, спортқа және пәнге қызығушылық пен белсенділікті арттыру; еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1-кезең
Алау жағу
2-кезең
Бой сергіту
3-кезең
Классикалық стильде сырғанау
4-кезең
Тұғырдан секіру
5-кезең
Биатлон

I. Ұйымдастыру

Сочиде қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Біз де жанкүйер ретінде сайысқа қатысып, математикалық білімімізді сынайық.

II. «Алау жағу» — тест

Жылдамдық пен дәлдік кезеңі

1-сұрақ

Қиылысушы түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?

  • A) 1
  • B) 2
  • C) 3
  • D) 4

2-сұрақ

Қиылысатын екі түзудің ортақ нүктесі нешеу?

  • A) Жоқ
  • B) 1
  • C) 2
  • D) 3

3-сұрақ

Бұрыштардың шамасы қандай? (Берілген сызба бойынша)

  • A) 28°; 152°
  • B) 28°; 153°
  • C) 155°; 25°
  • D) 180°

4-сұрақ

Теңдеуді шешіңіз: 3x − 15 = x + 3

  • A) 5
  • B) −3
  • C) 9
  • D) 0

5-сұрақ

Теңсіздікті шешіңіз: 3x + 7 > x − 1

  • A) (−∞; −4)
  • B) [−4; +∞)
  • C) (0; +∞)
  • D) (−∞; −4]

6-сұрақ

A(4; −1) нүктесі қай ширекке жатады?

  • A) I
  • B) II
  • C) III
  • D) IV

Ереже

Тестті ең жылдам әрі дұрыс орындаған оқушыға «алау жағу» мәртебесі беріледі. Ең көп ұпай жинаған оқушылар — «спортшылар», ал қалғандары — «көрермендер». Көрермендер жанкүйер ретінде есеп шығаруға қатысады.

III. «Бой сергіту» — сұрақ-жауап

Өтілген тақырып бойынша ауызша сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Қандай түзулер қиылысатын түзулер деп аталады?
  2. Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады? Олар қандай қасиетке ие?
  3. Тағы қандай бұрыш түрлерін білесіздер? Олардың қандай қасиеттері бар?