Жай бөлшек ұғымын енгізу

Жай бөлшектер

Бұл сабақта оқушылар жай бөлшектерді оқу және жазу тәсілдерін меңгереді. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру арқылы сан туралы ұғым кеңейтіледі және бөлшек сандардың мәні нақты мысалдар арқылы ашылады.

Сабақтың мақсаты

  • Сандар туралы ұғымды кеңейту, өмірмен байланыстыра отырып бөлшек сандарды түсіндіру.
  • Логикалық ойлау мен танымдық қабілетті дамыту.
  • Ұқыптылыққа, жауапкершілікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі

  • Электронды оқулық
  • Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды сабақ бастауға бағыттап, сабаққа дайындаймын. Содан кейін жаңа тарауды бастайтынымызды және оның алғашқы тақырыбы «Жай бөлшектер» екенін хабарлаймын. Бүгінгі сабақта жай бөлшектерді оқу және жазу жолдарын үйренетінімізді түсіндіремін.

II. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа сабақты электронды оқулық арқылы түсіндіремін және интерактивті тапсырмалармен толықтырамын.

а) Жай бөлшек ұғымын енгізу

Дөңгелекті тең 4 бөлікке бөлеміз. Тең бөліктер үлестер деп аталады. Әрбір үлес — дөңгелекті өзара тең 4 бөлікке бөлгендегі 1 бөлігі.

Жазылуы мен оқылуы

Жазылуы

1/4

Оқылуы

төрттен бір

Мұндағы сызықшабөлшек сызығы.

  • 1 — бөлшектің алымы (неше бөлігі алынғанын көрсетеді).
  • 4 — бөлшектің бөлімі (неше тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді).

Бұдан кейін интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындатамын.

III. Жаңа сабақты бекіту

Бекіту кезеңінде интерактивті тақта арқылы тапсырмалар орындатылады.

1-тапсырма

Бөліндіні жай бөлшек түрінде жазу.

Материалды жүктеу

Жай бөлшектер тақырыбы бойынша электронды оқулық пен тапсырмалар жинағын жүктеуге болады.