Мәтіндегі диалект сөздердің әдеби тілдегі баламасын жазыңдар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға диалект сөздер туралы түсінік беру және оны жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге және ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Лингвистикалық дүниетанымды кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сабаққа қатысуды тексеру.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Кірме сөздер» тақырыбы бойынша орындалған жаттығуларды тексеру.

III. Білімді тексеру (өздік жұмыс)

«Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» сөздігінен қайта жаңғырып жатқан сөздерді теріп жазыңдар.

IV. Жаңа сабаққа дайындық

  1. 1 Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
  2. 2 Сабақ мақсатын түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Диалект сөздер — белгілі бір өңір тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Олар жалпыхалықтық болып есептелмейді, өйткені көп жағдайда әдеби тілде баламасы болады.

Әдеби тіл мен өңірлік қолданысқа мысалдар

  • Тәртіп сөзі Орал өңірінде нұсқау, бұйрық мағынасында айтылады.
  • Шалбар сөзі Алматы және Шығыс Қазақстан өңірлерінде сым түрінде қолданылады.
  • Қабырға сөзі Ақтөбе өңірінде жар дегенді білдіреді.
  • Жұмыртқа сөзі Оңтүстік Қазақстанда тұқым деп айтылады.

Дыбыстық және тұлғалық ерекшеліктер

Диалект сөздер кейде дыбысталуы немесе тұлғасы жағынан да әртүрлі болады:

тыңла — тыңда құдағай — құдағи полат — болат баралы — баралық бережақ — берешек келулі — келді

Әдеби тілге сіңген диалект сөздер

Кейбір диалект сөздер уақыт өте келе әдеби тілге еніп, жалпыхалықтық қолданысқа айналады. Бұл — әдеби тілді байытудың бір жолы.

арасан суы жейде ұжым кеден немелтай (шөберенің баласы) үшен төртем

VI. Түсінігін тексеру (өздік жұмыс)

Төмендегі диалект сөздердің әдеби тілдегі баламасын жазыңдар:

нән әйдік шырпы оттық жуалдыз чербек борми алажақ бережақ күн баю айылдап келу

VII. Жаңа сабақты бекіту

183-жаттығу

Берілген диалект сөздермен сөйлем құраңдар.

184-жаттығу

Сөйлем ішінен диалект сөздерді табыңдар.

185-жаттығу

Мәтіндегі диалект сөздердің әдеби тілдегі баламасын жазыңдар.

VIII. Сабақты қорытындылау

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

  1. 1 «Диалект сөздер» туралы түсінік (қысқаша конспект).
  2. 2 Тиісті жаттығуларды орындау.