Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш президенті екені туралы әңгімелеу, түсіндіру
Астана қаласы Білім басқармасы • №70 «Құлыншақ» балабақшасы • «Ақбозат» сәбилер тобы
Тәрбиеші: Князова Мақпал Қамбарбекқызы
Мақсаты: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті екенін түсіндіру; отанды, елді, жерді сүюге тәрбиелеу; балалардың патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың басталуы
Ашық сабақ Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталады.
Кіріспе өлең
Қуан, халқым, қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін.
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық —
Тәуелсіздік күні бүгін, халқым, бірге тойлайық!
«Шаттық шеңбері»
Арайлап таң атты,
Алтын арай таратты.
Неткен сұлу, неткен көркем —
Осы менің туған өлкем.
Балалардың тақпақтары
Ілияс
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда, кім болам?
Әліби
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға ұмтылам.
Рамина
Отан — жерім, Отан — суым,
Отан қуат, нәр береді.
Айназ
Отан — ұран, Отан — туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сұрақ-жауап: Астана және Қазақстан
Диалог
Тәрбиеші:
Балалар, біз қай қалада тұрамыз?
Балалар: Астана.
Тәрбиеші:
Мына суретте не бейнеленген?
Балалар: Карта.
Тәрбиеші:
Қай елдің картасы?
Балалар: Қазақстан Республикасының картасы.
Тәрбиеші:
Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Данияр
Астана — арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Еламан
Қазақ тілі — ата-анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Албан
Күн өткен сайын құлпырып,
Жайнадың гүлдей, Астана.
Жүргізуші
Қазақтың туын ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған,
Нұрата аян ғаламға —
Беделі биік, күшті адам!
Отан, рәміздер және тәуелсіздік туралы өлеңдер
Диар
Көк байрағы елімнің —
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке — баланың,
Қазақстан жалауы.
Раяна
Елорда менің — Астанам,
Елорда менің — бас қалам.
Інжу
Отан — жерім, Отан — суым,
Отан қуат, нәр береді.
Ербатыр
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер төккен.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім — Елтаңбам.
Диана
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Рамазан
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Арина
Әнұраным — айбатым,
Тәуелсіздік — қайратым.
Достық, бірлік, татулық —
Жастар салған айбатты үн.
Тұңғыш Президент күні туралы әңгіме
Сұрақ
Тәрбиеші:
Балалар, біздің президентіміз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1 желтоқсан — еліміз үшін маңызды мереке. Бұл күн Тұңғыш Президент күні ретінде аталып өтеді.
1991 жылы 1 желтоқсанда халық өз таңдауымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады. Ал 10 желтоқсаннан бастап ол өз қызметіне кірісті.
Руслан
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған —
Елімнің бар Президенті.
Амина
Тірлігіңе шырай берген кім десең —
Ол Нұрсұлтан, бақжұлдызың.
Тәуелсіздік туралы түсіндіру
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
Тәуелсіздікке қол жеткізу, елдің егемендік алуы, дамуы және жетістіктері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Мақал-мәтелдер және қорытынды
Отан туралы мақал-мәтелдер
-
Арнұр: «Отан үшін отқа түс — күймейсің.»
-
Адель: «Отан отбасынан басталады.»
Шығармашылық жұмыс
Балалардың Отан, тәуелсіздік және Президент туралы тақпақтары тыңдалғаннан кейін, Нұрсұлтан атамызға арнап Қазақстан туының суретін бейнелеу ұсынылады.
Сабақтың аяқталуы
Осылайша ашық сабақ өз мәресіне жетеді.