Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?»
Мақсаты
- Тіл туралы білімді жүйелеу және қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.
- Оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білу — өмір талабы екенін ұғындыру.
- Достық пен бірлікті нығайта отырып, егемен елімізді сүюге, құрметтеуге, мемлекеттік тілді үйренуге баулу.
- Танымдық қабілеттерін дамыту; қазақ тілінде ойлау, есте сақтау және сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
- Іскерлігін қалыптастыру, тілге деген қызығушылығын арттыру.
Негізгі ой
Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде. Ана тілі — бәріміздің анамыз, өйткені ол — ұлттың анасы.
Н. Ә. Назарбаев
Қазақ тілі — түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашаларының бірі.
Ш. Уәлиханов
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін «Мемлекеттік тіл — ұлттың дәнекері» атты іс-шара аясында «Қазақшаңыз қалай?» атты сыныптан тыс сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Бұл сайыста оқушылар топтарға бөлініп, білім мен тапқырлықтарын сынайды. Мақсатымыз — қазақ тілін терең меңгеруге құштарлық ояту, тіл мәртебесін көтеруге үлес қосуға тәрбиелеу, Қазақстан мен қазақ тілінің құдіреті туралы түсінікті кеңейту.
Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздер мен салт-дәстүрді құрметтеу, тіл қадірін білу — бәріміздің ортақ міндетіміз. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған кезеңде, өзге ұлт өкілдеріне де «Қазақшаңыз қалай?» деген ізгі сұрақты жиі қоюға тиіспіз.
Сайыс барысы
Қазылар алқасына үндеу
Қазылар орнықтырар әділдікті — кімдердің жауаптары кәміл шықты? Білім мен тапқырлықтың сайысында жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Әділқазылар алқасы сайланады.
Көркем сөз
Төселген жазушы емес менің затым,
Көркемдік жұмыс емес жазған хатым.
Сергек ой — ер серігі дейді қазақ,
Салмақтап ел танысын ерлер атын.
І сайыс
«Сөйлей-сөйлей шешен боласың»
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
ІІ сайыс
«Кім тапқыр?»
Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру:
ІІІ сайыс
«Кім жүйрік?»
Әріптер бойынша сөз айту: Ә, Ү, Ұ, Қ, Ө, І, Ғ (және т.б.).
ІV сайыс
«Білімді мыңды жығады»
Тиісті әріпті қойып, сөзді толықтырыңыз.
«Алғырлар» тобы
- …йрек
- ж…зім
- …лу
- б…р
- т…рт
- мысы…
«Тапқырлар» тобы
- к…белек
- алт…
- тор…ай
- …алам
- ша…ғы
- …й
Қатысушылар «Қазақ тілі еліне» сапар шегеді: алда бірнеше кезең бар. Тапсырмаларды сәтті орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағына ие болады.