Біліктілік сайысы

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы • І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Бердешова Гүлсім Орынбасарқызы

Көңілді тапқырлар: математикалық сайыс

Бұл сайыс оқушылардың математикаға қызығушылығын арттырып, ойлау мәдениетін, тапқырлығын және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Білімділік мақсаты

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын және оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық мақсаты

Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту, тапсырманы жылдам орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты

Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, пәнге қызығушылыққа және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Сайыстың форматы мен көрнекілігі

Іс-шара сайыс сағаты форматында өтті. Зал безендіріліп, нақыл сөздер ілінді, карточкалық тапсырмалар мен логикалық есептер дайындалды. Әр топқа жеке үстел әзірленді.

Жоспар

  1. 1 Топтың өзін таныстыруы.
  2. 2 Біліктілік сайысы (карточка бойынша есептер шығару).
  3. 3 Ауызша есептер бөлімі.
  4. 4 Тапқырлық сайысы (логикалық тапсырмалар, «Айырмашылықты тап» ойыны).

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, қадірменді көрермендер! «Көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

«Математика сырлары қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді», — дей отырып, сайыскерлердің білімін бағалайтын әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Ауызша есептер бөлімі

Тақтада 6 сұрақ берілді. Әр оқушы бір сұрақты таңдап, белгіленген уақытта жауап берді.

Сұрақтар

  1. Анаң саған базардан 5 алма әкеліп берді. Сен сол алманың 3-еуін сіңліңе бердің. Қолыңда неше алма қалды?
  2. Ағаш басына 7 торғай қонды. Кейін олардың 5-еуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
  3. Концертте 3 қыз және 3 ұл би биледі. Барлығы неше бала би биледі?
  4. Гүлге 8 ара қонып тұр. Оның 4-еуі ұшып кетті. Неше ара қалды?
  5. Бір үйде 6 бала бар. Оның 3-еуі қыз. Сонда нешеуі ұл бала?
  6. Мұғалім саған барлығы 7 дәптер берді. Оның 3-еуін жолдасыңа беруді өтінді. Қолыңда неше дәптер қалды?

Тапқырлық сайысы

Бұл кезеңде оқушылар логикалық тапсырмалар орындап, «Айырмашылықты тап» ойынына қатысты. Тақтада берілген суреттердің айырмашылығын ең жылдам тапқан оқушыға ұпай берілді.

Бағалау

Ұпай саны әділқазылар алқасының шешімімен анықталып, кезең соңында жарияланды.

Қорытынды нәтижелер

  • І орын

    1 «Б» сыныбы — «Зеректер» тобы

  • ІІ орын

    1 «В» сыныбы — «Алғырлар» тобы

  • ІІІ орын

    1 «А» сыныбы — «Тапқырлар» тобы және 1 «Ә» сыныбы — «Білімділер» тобы

Сайыс соңында қатысушылар марапатталып, белсенділік танытқан оқушылардың еңбегі ерекше атап өтілді.