Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру

Оқу іс-әрекетінің сипаттамасы

Бағыты

Қатынас, шығармашылық білім беру саласы

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Менің добым (сипаттау, әңгіме құрастыру)

Мақсаты

  • Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру.
  • Заттарды қарастыру кезінде олардың түсін, пішінін және қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.

Әдіс-тәсілдері

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, «ғажайып сәт», ойын, ән.

Көрнекілігі

Ойыншықтар

Қостілді компонент

Доп
мяч
Ойыншықтар
игрушки

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады.

Тәрбиешінің сұрақтары:

  • «Балалар, қараңдаршы, біздің топқа кімдер келіпті?»
  • «Кәне, бәріміз амандасайық.»
  • «Жылда неше мезгіл бар?»
  • «Көктем мезгілінің айларын атаңдар.»
  • «Көктем туралы кім тақпақ айтады?»

2) Қызығушылықты ояту: жұмбақ

Жұмбақ

Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.

Тақырыпқа кіріспе

Дұрыс жауаптан кейін тәрбиеші бүгінгі тақырыпты хабарлайды: «Менің көңілді, сыңғырлаған добым». Балалар ойыншықтар туралы сипаттап, әңгіме құрастырады.

3) «Ғажайып сәт»: сыйлық қорабы

Есік қағылады. Тәрбиеші есікті ашып, қораптағы сыйлықты көрсетеді.

Тәрбиеші:

«Балалар, қорапты ашып көрейік.»

«Мен сендерге жұмбақтап айтамын, ал сендер оның не екенін табыңдар.»

Әр ойыншыққа қатысты жұмбақ жасырып, тәрбиеші оны сипаттап береді. Балалар ойыншықтардың түрін анықтап, атын атайды.

4) Сипаттау және әңгіме құрастыру

Бағыттаушы сұрақтар:

  • «Доптың пішіні қандай? Түсі қандай?»
  • «Пішіні неге ұқсайды?»
  • «Енді допты басқа ойыншықтармен бірге қосып, қысқа әңгіме құрастырайық.»

Үлгі әңгіме

Қуыршақтарға ат қояйық: Инабат және Мұрагер. Олар қоянмен бірге доппен «ортаға түспек» ойынын ойнады.

Балалардың жұмысы:

Балалар өз әңгімелерін құрастырады. Тәрбиеші қажет болған жағдайда сұрақтар қойып, сөйлемді толықтыруға көмектеседі.

5) Материалын анықтау: ойыншықтарды салыстыру

Балалар ойыншықтардың әртүрлі болатынын және әртүрлі материалдан жасалатынын байқайды.

Резеңке

Доп — резеңкеден жасалған.

Пластмасса

Қуыршақ пен машина — пластмассадан жасалған.

Ағаш

Мысық пен тікұшақ — ағаштан жасалған.

Мата, мақта

Қоян мен қонжық аю — матадан, мақтадан жасалған.

Қорытынды сұрақ:

«Осы ойыншықтар туралы кім тақпақ біледі?»

6) Сергіту сәті

Компьютерден музыка қосылып, алдын ала дайындалған сергіту қимылдары орындалады.

7) «Орындарын тап!» ойыны

Балалар төрт топқа бөлінеді. Әр топ ойыншықтарды жасалған материалы бойынша іріктеп жинастырады.

1-топ

Матадан жасалған жұмсақ ойыншықтар

2-топ

Пластмассадан жасалған ойыншықтар

3-топ

Резеңкеден жасалған ойыншықтар

4-топ

Ағаштан жасалған ойыншықтар