Мағжан ЖұмабаевЖер жүзін қан басқанда, Көбігі шығып аспанға, Жын жолдас боп адамға, Туралық, теңдік ұмытылып, Інжід, құран жыртылып, Жатқанда жерде - табанда
Мағжан Жұмабаев
Жер жүзін қан басқанда,
Көбігі шығып аспанға,
Жын жолдас боп адамға,
Туралық, теңдік ұмытылып,
Інжід, құран жыртылып,
Жатқанда жерде - табанда.
Қызыл қанға мас болып,
Жүрегі қара тас болып,
Айрылып естен адамзат,
Ұмытып мейрімді иесін,
Сойып салық түйесін,
Тәңірісі боп Лат, Манат,
Жүргізіп ібіліс әмірін,
Жауыздық жайып тамырын,
Өршіп өтірік, дұшпандық...
... Көк есігі ашылды,
Жұмақ нұры шашылды,
Келді ұшып бостандық.
Ғарыш нұрлы жүзі бар,
Кәусар, жібек сөзі бар,
Әдемі, алмас ақ қанат.
Жануарлар жердегі,
Ынтасы - жақын көрмегі,
Таңырқады анталап.
Аппақ нұрға оранып,
Ақырын ғана дем алып,
Құрметпенен тұрысты.
Сәуле көрмей, шеккен зар,
Аш-жалаңаш сорлылар
Қуанысты, күлісті.
Тез жалындап суынған,
Жұмақтан да қуылған,
Адамзат бір әуреде.
Есін жиып күйленіп,
Әбден бойы үйреніп
Алғаннан соң сәулеге,-
Баяғысын бастады,
Ұжданды былай тастады,
Бостандықта жоқ жұмыс.
Зар еңіреді талай жан,
Сел боп ақты қызыл қан,
Өтірік, талау, өлтіріс.
Шірік жүрек сасықтар,
Арамдыққа асықтар
Жетілді, жетті мұратқа.
Қыбырлаған қоңыздар,
Қорсылдаған доңыздар
Көктен келген қонаққа
Тілін, қолын тигізді,
Сасық сайтан дегізді,
Жауыздық тағы өрледі.
Ізгі елшісі жұмақтың -
Қасиетті қонақтың
Ақ қанатын кірледі.
Қыбырлаған қоңыздар,
Қорсылдаған доңыздар,
Тілегің болды - қуан, құл.
Бостандық - ізгі періште
Кетпекке ұшып ғарышқа,
Ақ қанатын қомдап тұр.
Алаш арыстары
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
Мағжан Жұмабаевтың Мен кім
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы дінмен үндестік және Аллаһты тану
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы тарихи шындық және көркемдік шешім
М. Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ҚИЯЛ
Төле бидің сөзге тоқтауы
Ақан сері өмірі
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Негізгі қорларды қйта жандандыру тәсілі – күрделі қаржыны жұмсау
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамы.
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
XIXғ. аяғ – XXғ. бас. Францияда ІІІ республиканың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы
Қаржының мәнi, функциялары және ролi
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы