Ақмешіт қай қала
Мақсаты
Оқушылардың шығармашылығын арттыру, өз бетімен іздене білу дағдысын қалыптастыру және сабақта алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету. Сонымен қатар тарихи шежірелер мен мәдениет арқылы ұлттық рухани-танымдық құндылықтардың қасиетін танытып, киелі асыл мұралар қазынасын жас ұрпақтың сана-сезіміне сіңіру.
Көрнекілігі
- «Атажұрт» плакаты
- «Өткел», «Белес», «Бекет», «Асу», «Жерұйық» атаулары жазылған таспа-белгілер
- Тақтада сұрақтарға арналған 10 «терезе» (ұяшық)
Кіріспе сөз
Армысыздар, қадірменді қонақтар мен оқушылар! «Атажұрт» ойынына қош келдіңіздер. Ықылас қойып, көппен бірге еніңіздер. Бізді жақсы танып-білмек үшін, оқушылардың білімін бірге саралайық.
Көлде жүрген қоңыр қаз,
Ауылдағы жамандар —
Қыр қадірін кім білсін,
Ел қадірін не білсін.
Қырда жүрген дуадақ,
Көшіп-қонып көрмеген —
Су қадірін не білсін,
Жұрт қадірін не білсін.
Асан Қайғы бабамыздың осы дана сөзін пір тұта отырып, ойынымызды бастаймыз.
Қатысушылар
I топ — «Ақмешіт»
- 1. Алпамысова Жадыра
- 2. Аяпова Әсель
- 3. Құндыбекова Меруерт
II топ — «Қорқыт»
- 1. Әмірбекова Айнұр
- 2. Жұмабекова Гүлжайна
- 3. Нұрабаева Әсель
Ойын барысы
I бөлім — «Өзін-өзі таныстыру»
Екі команда ортаға шығып, өздерін таныстырады.
II бөлім — 1-тур «Өткел»
Топ басшылары 5 сұраққа жауап береді. Әр сұрақ — 4000 ұпай.
I топ — «Ақмешіт» (бастайды)
-
Зеңгі баба қай малдың атасы?
Жауап: Сиыр
-
Абайдың неше қара сөзі бар?
Жауап: 45
-
Ұя салмайтын құс?
Жауап: Көкек
-
Жамбылдың ұстазы кім?
Жауап: Сүйінбай
-
Ақмешіт қай қала?
Жауап: Қызылорда
II топ — «Қорқыт»
-
Жылқы атасы кім?
Жауап: Қамбар ата
-
Асан Қайғы қандай жерді іздеді?
Жауап: Жерұйық
-
Қашқарияға саяхат жасаған кім?
Жауап: Ш. Уәлиханов
-
Елімізде 1986 жылы қандай елеулі оқиға болды?
Жауап: Желтоқсан оқиғасы
-
Қазақтың қадір тұтар жері?
Жауап: Түркістан
II бөлім — 2-тур «Белес»
Әр дұрыс жауап — 5000 ұпай. Қатысушылар көмек сұрай алады.
Ескерту: Дұрыс жауап берілмесе немесе келесі топқа кезек берілмесе, ұпай кемиді. 1-сұрақты алдыңғы турда жеңген команда бастайды.
I топ сұрақтары
Қазақ мемлекетіне өлшеусіз үлес қосқан атақты қолбасшы әрі мемлекет қайраткері (1693–1748). Кіші жүз атынан орыс патшасымен бірігуге қатысты келіссөз жүргізген.
Көмек: Кіші жүздің ханы.
Дұрыс жауап: Әбілхайыр
Кенесары Қасымұлы бастаған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы көтеріліс қанша жылға созылды және қай аймақтарды қамтыды?
Дұрыс жауап: 1837–1847 жылдар, бүкіл Қазақстан аумағын қамтыды.
II топ сұрақтары
Абылай ханның қазақ тарихындағы орны қандай? Оны аса көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, жауынгер және ел басқарушы ретінде сипаттайтын қандай фольклорлық шығармаларды білесіңдер?
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы неде?
III бөлім — «Бекет»
Команда жанкүйерлеріне арналған сұрақтар. Жауап беру мүмкіндігі — екі рет.
I топқа
Қазақтың тұңғыш академигі, геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалым Қ. И. Сәтбаев қай жерде дүниеге келген?
Дұрыс жауап: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы.
X ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дамыды. Сайрам, Отырар, Түркістан секілді қалаларда медреселер салынып, ғылым-білімге жол ашылды. Әдеби және ғылыми мұра қалдырған шығыстың қандай көрнекті ғұлама ғалымдарын білесіңдер?
II топқа
Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасына жақын орналасқан, XIX ғасыр ортасынан бастап Фараб атауымен Самани әулеті ықпалында болған қала. Бұл қай қала?
Дұрыс жауап: Отырар
Алтын Орданың негізін қалаушы моңғол ханы кім? Ол қай жылдары билік етті? Мұсылман деректерінде оны қандай адам ретінде сипаттайды?
IV бөлім — «Асу»
«Асық ойнаған — азар, доп ойнаған — тозар, бәрінен де мал бағып, білім қуған — озар».
Тақтада 10 ұяшық. Сыр өңіріне байланысты сұрақтар қойылады.
1-ұяшық
Қорқыт ата туралы қандай мәлімет айта аласыз?
2-ұяшық
Суреттегі ескерткіш кімге қойылған? Ол туралы не айтар едіңіз?
3-ұяшық
Тарихи тұлға туралы айтыңыз. Оның Сыр еліне қатысы қандай?
4-ұяшық
Суреттегі тұлға қай өңірдің тумасы және қандай жалған айыппен тұтқындалған?
5-ұяшық
Суреттегі жылы жүзді жазушының шығармашылығы туралы айтыңыз.
6-ұяшық
Роза Бағланова қай өңірдің тумасы? Оның қандай әндерін білесіңдер?
7-ұяшық
Сыр өңіріндегі күрішке бай аумақтарды атаңыз.
8-ұяшық
Қармақшы ауданында қандай күріш өндіретін кәсіпорын бар?
9-ұяшық
Мадина Ералиева қай өңірдің тумасы? Оның қандай әндерін білесіңдер?
10-ұяшық
Тарихи тұлға туралы айтып беріңіз.
V бөлім — «Жерұйық»
Тарихи-танымдық сұрақ және жатқа айту тапсырмасы.
Қазақ–жоңғар шапқыншылығы кезінде (1723–1727) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталған ауыр кезең орын алды. Сол зұлматтың символы ретінде халық арасында «Елім-ай» атты зарлы жыр туды.
Сұрақ: Бұл жырдың мәтіні мен әуенін ақын әрі жауынгер қандай жырау шығарған деп айтылады? Сонымен қатар осы жырдан бір шумақ жатқа айтылсын.
VI бөлім — Әділқазылар алқасының сөзі
Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
VII бөлім — Қорытынды
Жеңімпаздарды марапаттау.