Аралас құрмалас сөйлем

Сабақ тақырыбы

Аралас құрмалас сөйлем

Бұл сабақта оқушылар аралас құрмалас сөйлемнің табиғатын түсініп, оны салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдермен салыстыра отырып ажыратады.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Жаңа тақырыпты меңгерту және өткен сабақтармен байланыстыру.
  • Салалас пен сабақтастың ерекшеліктерін таныту.
  • Талдау арқылы оқушыны өздігінен қорытынды шығаруға үйрету.

Дамытушылық

  • Дүниетанымы мен ой-өрісін кеңейту.
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
  • Сөйлеу тілі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Ұжымдасып еңбек етуге және әдептілікке тәрбиелеу.
  • Ұлттық тәлім-тәрбие мен ұқыптылыққа баулу.
  • Мысал сөйлемдер арқылы елжандылық құндылығын күшейту.

Әдістер мен көрнекіліктер

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Оқулықпен жұмыс
  • Альтернатив тест
  • Интерактивті тақтамен жұмыс
  • Салыстыру

Көрнекіліктер

  • Компьютер
  • Слайдтар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Назарын сабаққа аудару.
1-слайд
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Үй тапсырмасын тексеру (2-слайд)

  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  2. Құрмалас сөйлемнің түрлері қандай?
  3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  4. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Құрмалас сөйлем

Жай сөйлемдердің тіркесуі арқылы жасалады.

Салалас

Тең дәрежелі байланыс.

Сабақтас

Бағыныңқы–басыңқы қатынас.

Венн диаграммасы (3-слайд)

Салалас

  • Компоненттері тиянақты.
  • Тең дәрежеде байланысады.
  • Жалғаулық шылаулар мен интонация арқылы байланысады.

Ортақ белгілері

  • Синтаксис саласына жатады.
  • Құрмалас сөйлемнің түрлері.
  • Күрделі ойды білдіреді.

Сабақтас

  • Алғашқы компоненті тиянақсыз.
  • Басыңқыға бағынып байланысады.
  • Қосымшалар арқылы байланысады.
  • Бағыныңқы және басыңқы сыңарлардан тұрады.

Жаңа сабақ: аралас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен әрі салаласа, әрі сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі аралас құрмалас сөйлем деп аталады.

Мысал 1

Сәкен ауылға ертерек келсе, шөп шабуды бастаймыз.

Түрі: шартты бағыныңқы сабақтас.

Мысал 2

Сәкен сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.

Түрі: себеп–салдар салалас.

Мысал 3

Күн шығып, ел тұра бастады, бірақ Сәкен әлі жоқ.

Сызба

бағыныңқы → басыңқы → басыңқы

Мысал 4

Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді — ат етпетінен түсті.

Сызба

бағыныңқы → бағыныңқы → басыңқы → басыңқы

Мысал 5

Кеген ауданына келгенше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.

Сызба

бағыныңқы → басыңқы → бағыныңқы → басыңқы

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма

  • Оқулықтағы 151-жаттығуды ауызша орындау.
  • Бағыныңқы мен басыңқы сыңарлардың орналасу тәртібін түсіндіру.

2-тапсырма

  • Оқулықтағы 152-жаттығудан көп бағыныңқы құрмалас сөйлемді табу.
  • Жасалу жолын түсіндіру (жазбаша).

Қосымша тапсырма

Ырымдарға байланысты сөйлемдер беріледі. Орындары ауысып кеткен салалас сөйлем мен сабақтас сөйлем сыңарларын дұрыс орналастырыңыз.

Альтернатив тест

  1. Аралас құрмалас сөйлем салаласып та, сабақтасып та байланыса ма?
    а) иә ә) жоқ
  2. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем бола ма?
    а) иә ә) жоқ
  3. Сабақтас сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз бола ма?
    а) иә ә) жоқ
  4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңары бірінші тұра ма?
    а) иә ә) жоқ
  5. Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз бола ма?
    а) иә ә) жоқ

Сөзжұмбақ: «Аралас»

Сұрақ Жауап
1 Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем. Құрмалас
2 Кімге? неге? сұрағына жауап беретін септік. Барыс
3 Сөйлемде атау, іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, басқа мүшені мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Толықтауыш
4 Баяндауыштары тиянақты болып, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлем. Салалас
5 Заттың атын білдіріп, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөз табы. Зат есім
6 Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  1. Аралас құрмалас сөйлемнің ережесін жаттау.
  2. «Абай жолы» романынан аралас құрмалас сөйлемнің 6 мысалын жазып келу.

Бағалау

Оқушылардың жауап беру белсенділігі, сөйлемдерді талдау дәлдігі, тапсырмаларды орындау сапасы және тест нәтижесі негізінде бағаланады.

Назар

Талдау кезінде байланысу тәсілін (жалғаулық/интонация/қосымша) дәл көрсетіңіз.

Нәтиже

Сызба арқылы сыңарлардың орналасуын жүйелі түсіндіріңіз.