Сасық соқыр қоңыз бол, Жаныма бірақ жолама

Мағжан Жұмабаев

Әй, әй, жолдас, жас жігіт
Қиқу салған, лепірген,
Кетті ме әлде жын соғып,
Аузын, мұнша көпірген!
Дүниенің діңгегі
Қарын дейсің жалғыз - ақ.
Күнді көрмей көктегі,
Болма, жаным, жапалақ.
Идеал да жоқ, Тәңір де...
Енді не бар? Доңыз ба?
Адамсың ғой сен енді,
Ұқсама шын доңызға!
Мейлің, мейлің, доңыз бол,
Жүр қорсылдап қорада.
Сасық соқыр қоңыз бол,
Жаныма бірақ жолама.
Мен киелі Алашпын,
Іргемді, сасық, ластама.
Ойнама, жолдас, менімен,
Бар бұзыққа, басқаға.
Кіршіксіз ақ ордамын,
Сала алмассың бір тап та.
Бұзылмаған қордамын,
Бөле алмассың тап - тапқа.
Тапсыз, бүтін бір елмін,
Тәңіріге жалғыз ұсармын.
Көбікті күміс бір селмін,
Сасықты сендей басармын.
Құдықтан ішіп, жас жігіт,
Оған, сірә, түкірме.
Кетер сені сел соғып,
Басыл, жаным, көпірме.



Ұқсас жұмыстар

Қамар сұлу
Насекомдардың басты дұшпаны насекомдар
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Cұлтанмахмұт Торайғыровтың ағартушылық идеясы
Биоценоздың экологиялық құрылымы
Өлеңдер жинағы
Жұматай Сабыржанұлының сатиралық шығармалары
Қазақ ойшылдарының қоғам мен тұлға дамуына әлеуметтік көзқарастары
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»
Қызанақ көшеттерін өсіру
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Мұнаймен ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің микробтық құрамын зерттеу
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің болашақта даму және жұмыс істеу программасы