Талдау кезеңі
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Пән
Қазақ тілі
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Жоба қорғау
Сабақтың тақырыбы
Түркі сөздерінің жинағы ғалымдар зерттеуінде
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Қазақ тілінің теориясы мен тарихы бойынша жүйелі ақпарат беру.
- Түркі сөздерінің жинағының тілдік және құрылымдық ерекшеліктеріне қатысты зерттеулерді талдау.
- Түркі халықтарына ортақ афоризмдер мен бәйіттердің мәнін ұғындыру.
Тәрбиелік
- Топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастық, сыйластық, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
- Отансүйгіштік пен елжандылықты күшейту.
- Ізденімпаздық пен еңбексүйгіштікті арттыру, түркі халықтарының құнды әдеби мұрасын дәріптеуге баулу.
- Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызын түсіндіріп, көпұлтты қоғамның мәдениеті, тілі, дәстүріне құрмет сезімін тәрбиелеу.
Дамытушылық
- «Диуани лұғат-ат түрік» туралы білімді толықтыру және зерттеулердің мәнін ұғындыру.
- Шығармашылық ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.
- Афоризмдер мен бәйіттерді талдау арқылы дағды мен іскерліктерді қалыптастыру.
Кәсібилік бағыт
- «Түркі сөздерінің жинағы» туралы ғалымдар зерттеулерін жинақтау және талдау.
- Екі жақты түсіндірме сөздік (күнделік) жүргізу.
Пәнаралық байланыс
Тарих, әдебиет, өзін-өзі тану, қазақ тілі және т.б.
Күтілетін нәтижелер
Базалық деңгей
- Түркі сөздері туралы ұғымдары тереңдейді.
- Тілдік ерекшеліктерді орынды қолдануға дағдыланады.
Кәсіптік деңгей
- Түркі сөздігінің ерекшеліктерін түсінеді; ақпарат көздерінен алынған материалдарды салыстыра оқып, кәсіби деңгейде қолдана алады.
- Тапсырмалар арқылы ой қорытуға, пікірлерді салыстыруға және ойтолғау жазуға дағдыланады.
Сабақтың ресурстары
Жабдықталуы
- Көрнекі құралдар және қосымша ақпараттық материалдар.
- Интерактивті тақта.
- Таратпа материалдар.
- Лекция материалдары және ақпарат көздерінен алынған үзінділер.
Техникалық құралдар
- Интерактивті тақта.
- Магниттік тақта және т.б.
Ақпараттық қор (негізгі әдебиеттер)
- М. Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1981.
- Т. Р. Қордабаев. Тарихи синтаксис мәселелері. Алматы, 1964.
Сабақтың технологиясы мен әдістері
Педагогикалық технологиялар
- Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау.
- Дамыта оқыту.
- Проблемалық оқыту.
Әдістер мен интерактивті тәсілдер
- Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіре баяндау.
- «Миға шабуыл», ой шақыру, салыстыру, талдау, ақпарат беру.
- Блум таксономиясы бойынша жұмыс.
Сабақ барысы
I кезең. Ұйымдастыру
- Амандасу, оқушыларды түгендеу, журналға белгі соғу.
- Оқушыларды топқа бөлу.
- Назар аударту: қанатты сөздердің мәнін ашып, жыл ерекшелігімен байланыстыру.
«Халықтар достығы — біздің бірегей байлығымыз ғана емес, сонымен қатар сеніміміз де, үмітіміз де».
«Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім — біздің басты құндылығымыз».
«Сиқырлы қалам» әдісі арқылы оқушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ойларын ортаға салады.
II кезең. Үй тапсырмасын тексеру
- «Тарихи синтаксис мәселелері» тақырыбы бойынша мәлімет сұрау.
- «Қайталау — білім анасы»: ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
III кезең. Жаңа сабаққа дайындық
- Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру.
- Блум таксономиясының сатыларын анықтау.
IV кезең. Жаңа сабақты түсіндіру
Білу кезеңі
«Миға шабуыл» арқылы сұрақтарға жауап беріледі:
X–XIII ғасырлар аралығында түркі тектес халықтармен қатар қазақ тілі тарихы үшін де маңызды қандай шығармаларды атай аласыздар?
Түсіну кезеңі (мұғалім түсіндірмесі)
Өркениет қазынасына үлес қосқан халықтардың мәдени және ғылыми мұраларын зерттеу — ғасырлар тереңінде ізгі ой айтқан тұлғалардың есімдерін ғана емес, әр халықтың өзіне тән бай мәдениетін де айқындайды.
Тәуелсіздігіміз орныққан бүгінгі кезеңде өткенімізге құрметпен қарап, ортақ құндылықтарымызды танып-білу ерекше маңызды. Түркі тілдес халықтарға ортақ асыл мұраның бірі — Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат-ат түрік» сөздігі.
Нақты дерек: «Диуани лұғат-ит түрк» 1072–1074 жылдары Бағдат қаласында жазылған түрікше-арабша сөздік. Бұл — түркі тілдері бойынша ең ауқымды әрі ең маңызды көне тілдік жәдігерлердің бірі.
Қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады. Онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары берілген.
Қолдану кезеңі (топтық жұмыс)
1-топ
М. Қашқари «Диуани лұғат-ат түрік» — түркі халықтарының ортақ мұрасы
Тақырыпты дәлелдермен ашу, негізгі тұжырымдарды жинақтау.
2-топ
«Диуани лұғат-ат түрік» ғалымдар зерттеуінде және баспасөз материалдарында
Зерттеу көздерін шолу жасап, салыстырмалы талдау ұсыну.
Талдау кезеңі
- 1-топ: салыстырмалы кесте әдісі арқылы сөздікте кездесетін афоризмдерге шығармашылық талдау жасау.
- 2-топ: екі жақты түсіндірме күнделігі негізінде түркі халықтарының бәйіттеріне шығармашылық талдау жасау.
V кезең. Бекіту және қорытынды
Жинақтау
«5 жолды өлең» әдісі арқылы сабақ мазмұнын жинақтау.
Қорытынды және бағалау
Сабақ нәтижесі критерийлер арқылы бағаланады.
VI кезең. Үй тапсырмасы және кері байланыс
Үй тапсырмасы
- Сөздік бойынша сөйлем мүшелеріне талдау жасау.
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбында эссе жазу.
Кері байланыс
Оқушыларға кері байланыс парағы таратылып, сабақ бойынша пікірлері жинақталады.