Таңғажайып сәт
ШҚО, Аягөз қаласы
№5 бөбекжай-балабақша
Тәрбиеші: Таныбекова Роза Берікбайқызы
Білім беру саласы
Қатынас, Әлеуметтік орта
Тарауы
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
Армысың, қар ұшқыны!
Мақсаты
1
Қыс мезгілі, қар және қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
2
Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы ойлауын дамыту, зейінін және есте сақтау қабілетін жетілдіру.
3
Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті материалдар
- Қыс туралы бейнетаспа (слайд).
- Қыс мезгіліне қатысты суреттер.
Әдіс-тәсілдер
I. Жылулық шеңбері
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң!» — деймін мен.
II. Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші жұмбақ-өлең арқылы балаларды тақырыпқа жетелейді:
Шанамен зырғып әкелетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын —
Қай мезгіл деп ойлайсың?
III. Сабақтың барысы
Талқылау сұрақтары
- Өлең шумағында не туралы айтылды?
- Қыс мезгілі несімен қызықты?
- Қандай ойындар ойнаймыз?
IV. Таңғажайып сәт
Қонаққа Қар ұшқыны келеді:
«Қайырлы таң! Қыстың суық күнінде сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен — Қар ұшқынымын. Кәне, бәріміз қосылып “Аппақ-аппақ, жапалақтап” әнін шырқайық!»
Қыс туралы сұрақтар
- Бұл әнде қай жыл мезгілі туралы айтылады?
- Қай жыл мезгілінде қар жауады?
V. Слайд арқылы түсіндіру
Тәрбиеші слайдтарды көрсете отырып, қыс мезгілі және осы мезгілде болатын табиғи құбылыстар туралы әңгімелейді.
Жапалақтап ақша қар,
Жауып тұр күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
VI. Сергіту сәті
Боран соқты оң жақтан,
Боран соқты сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
VII. Балалардың тақпақтары
Балалар қыс туралы білетін тақпақтарын айтады.
Баян
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалды артта қыр алап,
Іздерінен қар ұшып.
Інжу Д.
Ауыл алды — ақша қар.
Ақша қарда балалар
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа,
Кіп-кішкене боп қана.
Мерей
Қонақтайды бақтарға
Ақ көбелек, ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға,
Балалар жүр мақтанып.
VIII. Дидактикалық ойын
«Қысқы киімдерді ата және киіндір»
Балалар қысқы киім түрлерін атайды, олардың қай кезде және не үшін қажет екенін түсіндіреді. Содан кейін кейіпкерді/қуыршақты сәйкес киіммен киіндіреді.
IX. Ұжымдық жұмыс
«Қар ұшқыны» (мақтамен жапсыру)
Балалар мақта бөліктерін пайдаланып, қағаз бетіне қар ұшқынының бейнесін құрастырады. Жұмыс барысында ұқыптылық пен бірлесіп әрекет ету дағдылары дамытылады.
X. Қорытынды
Нені меңгердік?
- Қыс мезгілінің ерекшеліктері мен қардың қасиеттері.
- Қыста болатын табиғи құбылыстар.
Қандай дағдылар дамыды?
- Зейін, есте сақтау, ойлау және сөйлеу дағдылары.
- Табиғатқа қамқорлық пен сүйіспеншілік.