Атмосфера қабаттары
Пән
География
Сабақтың тақырыбы
«Атмосфера» тарауын қайталау
Сабақтың түрі
Қорытынды сабақ
Сабақтың әдістері
- Жекелей және топтық жұмыстар
- Деңгейлік тапсырмалар
- Ойын элементтері, жұмбақтар
Көрнекіліктер
- Жарты шарлар картасы
- Атмосфераның құрылысы сызбасы
- Атмосфералық құрал-жабдықтардың суреттері
- Слайд/презентация
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану, биология, химия, физика, әдебиет.
Сабақтың мақсаттары
Оқушылардың теорияны тәжірибемен байланыстыруына және экологиялық жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Білімділік
«Атмосфера» тақырыбы бойынша білім, білік және дағдыларды жүйелеу, қорытындылау және теориялық білімді іс жүзінде қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Әртүрлі дереккөздермен жұмыс істеу қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын жетілдіру.
Тәрбиелік
Экологиялық тәрбие беру: ауаны қорғауға, қастерлеуге және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Назарларын сабаққа аудару.
- Оқушыларды екі топқа бөлу: 1-топ — «Бриз», 2-топ — «Муссон».
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: Климат. Оқушылар «Атмосфера» тарауында не білгенін, нені үйренгенін қысқаша еске түсіреді: атмосфераның құрамы, құрылысы, маңызы және оны зерттеу жолдары.
Негізгі ұғымдарды қайталау
1) Құрамы
Жердің ауа қабығы атмосфера деп аталады. Ауа — әртүрлі газдардың қоспасы. Оның негізгі бөлігі азот пен оттегіден тұрады. Ауа көзге көрінбейді, қолға ілінбейді, бірақ бізді үнемі қоршап тұрады және кеңістікте орын алады.
2) Құрылысы
Атмосфера шартты түрде үш қабатқа бөлінеді. Ең төменгі қабаты — тропосфера. Тропосфера ауасы Күн қыздырған Жер бетінен жылу алады, сондықтан биіктеген сайын ауа салқындайды: әрбір 1 км сайын температура орта есеппен 6°C-қа төмендейді.
3) Маңызы
Атмосфера Күн сәулесін шашыратып таратады. Соның арқасында Жер беті күндіз шамадан тыс қызып кетпейді, ал түнде тым қатты суымайды — жылуды сақтайтын қорғаныш қабат қызметін атқарады.
4) Зерттелуі
Атмосферадағы құбылыстар мен өзгерістерді зерттеу маңызды. Атмосфераны зерттейтін ғылым метеорология деп аталады.
Қайталау тапсырмалары мен ойындар
Топтық жұмыс арқылы негізгі анықтамалар мен заңдылықтарды бекіту.
1) «Жұлдызды сәт» (сұрақ-жауап)
Ереже: әр топқа 10 сұрақтан қойылады.
1-топ — «Бриз»
- Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ: азот.
- Атмосфера қабаттары: тропосфера, стратосфера, жоғары қабат.
- Бұлттың негізгі үш түрі: будақ, қабат, шарбы.
- Ауа райының негізгі элементтері: температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым.
- Атмосферадағы ылғалдың 86%-ының негізгі көзі: мұхиттар мен теңіздер.
- Ауа массаларының негізгі типтері: арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық.
- Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал: флюгер.
- Тұрақты желдердің қалыптасуы: қысым белдеулеріне байланысты.
- Ең жоғары және ең төменгі температура айырмасы: амплитуда.
- Температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар: изотермалар.
2-топ — «Муссон»
- Стратосфераның жоғарғы шекарасы: 50–55 км.
- Экватор маңында қалыптасатын қысым: төмен қысым.
- Белгілі бір жерге тән көпжылдық орташа ауа райы: климат.
- 760 мм сынап бағанасына тең қысым: қалыпты атмосфералық қысым.
- Жауын-шашын өлшем бірлігі: миллиметр.
- Климат құраушы негізгі факторлар: географиялық ендік, ауа массалары, жер беті жамылғысы.
- Жауын-шашын түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау.
- Сымға, үй қабырғасына борпылдақ күйде ілінетін ұсақ мұз: қылау.
- Ауаның горизонталь бағытта орын ауыстыруы: жел.
- Желбағар орнатылатын биіктік: 10–12 м.
2) Сәйкестік тест
1. Атмосфера
2. Озон газы
3. Азот
4. Стратосферадағы маңызды қабат
5. Оттегі
6. Ауа райы түзіледі
а) Тропосфера
ә) Озон қабаты
б) 21%
в) Ауа қабаты
г) Стратосфера
д) 78%
Дұрыс жауаптары
1 — в, 2 — г, 3 — д, 4 — ә, 5 — б, 6 — а.
3) «Мені түсін» (құралдарды тану)
Оқушыларға атмосфераға қатысты құрал-жабдықтардың суреттері беріледі. Міндеті — суреттегі аспаптың атауын және не үшін қолданылатынын анықтау.
4) Жұмбақтар
Ұстасаң, қолға ілінбес,
Қарасаң, көзге түспес.
Ол келсе орман шулайды,
Толқын теңіз тулайды.
Қуса өзен қуады,
Ешкім оны қумайды.
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.
5) Халықтық ауа райы болжамдары
Оқушылар қазақ халқының табиғатқа бақылауына негізделген болжамдардан мысал келтіреді.
- Қыста торғайлар ұясына мамық тасыса, күн кенет қатты суытады.
- Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздесе, ақ жаңбыр болады (ұзаққа созылады).
- Мал кешке таман бір бағытта күйсеп жатса, келесі күні сол бағыттан жел не боран соғады.
- Тышқан інін суға жақын қазса, сол жылы құрғақшылық болады.
- Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп, мазасыздана бастайды.
- Күн ерте күркіресе, жауын-шашынның мол болатынының белгісі.
Қорытынды
Атмосфера — Жердегі өмірдің негізгі шарттарының бірі. Егер ауа қабығы болмаса, Жер бетінің температурасы Айдағыдай күн мен түн арасында өте үлкен айырмашылықпен ауытқып тұрар еді.
Атмосфераның қорғаушы қызметі
- Күндіз тік түскен күн сәулесінен Жер беті шамадан тыс қызып кетпейді.
- Түнде ауа қабаты жылуды ұстап, қатты салқындаудан сақтайды.
- Күн сәулесі шашырап таралғандықтан, температураның шектен тыс ауытқуы тежеледі.
Табиғи үдерістер мен қауіпсіздік
- Атмосфераның төменгі қабатында бұлт түзіліп, жауын-шашын түседі.
- Ғарыштан ұшып келетін метеориттердің көбі атмосферада жанып кетеді; әйтпесе олар Жерге жиі соғылар еді.
«Атмосфера» тарауына арналған диктант
Бос орындарды дұрыс терминдермен толықтырыңыз.
- Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал: барометр.
- 23,5° с.е. пен 23,5° о.е. параллельдері: тропиктер.
- Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел: муссон.
- Салыстырмалы ылғалдылықты өлшейтін құрал: шаш гигрометрі.
- Бұлттардың аспанды торлауы: бұлттылық.
- Атмосфералық жауын-шашын: қатты және сұйық түрде кездеседі.
- Жер шары бес жылу белдеуіне бөлінеді.
- «Бриз» сөзі: жеңіл жел деген мағына береді.
- Қалыпты атмосфералық қысым: 760 мм сынап бағанасына тең.
- Ауа температурасы әр 100 м биіктеген сайын орта есеппен 0,6°С-қа төмендейді.
Бағалау
Оқушылардың жауап беру белсенділігі, топтық жұмысқа қатысуы, терминдерді дұрыс қолдануы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
- «Атмосфера» тарауын толық қайталау.
- Тақырып бойынша тест тапсырмаларын құрастыру.