Құрылымын табу
Сабақтың тақырыбы
Бояумен сурет салу кезеңдері. Құмыра мен жемістерден құралған натюрмортты бейнелеу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Кескіндеме (живопись) түрлері туралы мәлімет беру.
Дамытушылық
Кескіндеме өнерінің жанрлары туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік
Кескіндеме жанрларын ерекшеліктеріне қарай ажырата білуге және өнер туындыларын бағалау мәдениетіне баулу.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгеру сабағы.
Сабақтың әдістері
Ауызша түсіндіру, көрнекілік, машықтық әдіс.
Оқыту құралдары
Оқып-үйрену кестесі, натюрморт суреті, натюрморт құруға қажетті заттар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа әзірлігін қадағалау.
- Сабақ жоспарымен таныстыру.
- Кіріспе сұрақтар қою.
II. Жаңа материалды түсіндіру
Натюрморт — француз тілінен аударғанда «қозғалыссыз табиғат» дегенді білдіреді. Адамды қоршаған заттарды бейнелейтін сурет натюрморт жанрына жатады. Мұндай заттар иесінің өмірі, талғамы және күнделікті әдеттері туралы көп сыр шертеді.
Түрлі түсті маталар, ыдыс-аяқ, гүлдер, жеміс-жидектер, теңіз байлығы мен түз құстары секілді әр алуан көріністердің үйлесімі қоршаған ортаның байлығы мен сұлулығын дәріптеп қана қоймай, көңіл күйімізге де әсер етеді: кейде мұңға, кейде шаттыққа бөлейді.
Тарихи шолу
Натюрмортты әр дәуір суретшілері графикада, мүсінде және кескіндемеде көптеп жазған. XVII ғасырдағы фламанд және голланд суретшілері Ф. Снейдерс пен В. Хедтлердің натюрморттары ерекше орын алады: олар табиғаттың мол ырысын және адам қолынан шыққан бұйымдардың көркемдігін бейнеледі.
Кеңес дәуірінде И. Э. Грабарь, М. С. Сарьян, П. П. Кончаловский, И. И. Машков және басқа да шеберлер натюрморт жанрын жоғары деңгейде дамытты.
Қазақ өнеріндегі мысал
Қазақ ұлттық тағамдарының көрінісі белгілі суретші А. Ғалымбаеваның «Дастархан» атты натюрмортында әсерлі бейнеленген. Мұнда күрең бауырсақ пен ақ құрт, ағаш тегенедегі сары қымыз, шақпақ қант, үгітіліп тұрған кеуіпірек нан, дастарқан шетіндегі торғын сүлгі және тұсындағы аяққап бір-бірімен жарасымды үйлесіп, ел байлығы мен қазақ дастарханының көркем көрінісін ашады.
Бақылау және орналасу
- Натюрморт толық әрі жан-жақты көрінуі үшін оны сәл қашықтан бақылаған дұрыс.
- Көру қашықтығы шамамен 1,5–2 метрден кем болмауы керек.
- Орын таңдағанда композиция қызықты көрінетін нүктені белгілеңіз.
- Сурет салмас бұрын натюрмортты әр қырынан қарап, заттардың жалпы пішіні мен тұтас көлемін зерттеңіз.
Сурет салудың негізгі кезеңдері
Қандай сурет салсақ та, бәріне ортақ белгілі бір жүйе мен реттілік бар. Натюрморт төмендегі кезеңдер арқылы біртіндеп орындалады.
-
1
Орналасуын анықтау (компоновка)
Бейнелейтін заттың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс, ықшам әрі қажетті мөлшерде орналастырып түсіру.
-
2
Құрылымын табу
Заттардың конструкциялық құрылымын белгілеу: натюрморттағы элементтердің өзара арақатынасын тексеріп-өлшеп, әрқайсысының сызықтық «қаңқасын» салу. Өлшеу көбіне қарындаш арқылы орындалады.
-
3
Пішінді сомдау
Штрих пен бояуды қолдана отырып жарық пен көлеңкенің арақатынасын шешу, заттардың табиғи көлемін көрсету. Бояу арқылы жартылай жарық, негізгі көлеңке және құлаған көлеңкенің айырмашылығын нақтылаймыз.
-
4
Аяқтау және біріктіру
Суретті мұқият тексеріп, көзге тым ұрып тұрған жарық-көлеңкелерді жалпы реңдік үйлесімге бағындыру. Натюрморттың фонға «жабысып» қалмауын бақылап, тұтастыққа келтіру.
III. Машықтық кезең
Құмыра мен жемістерден құралған натюрмортты бейнелеу. Оқушылар нұсқаға қарап сурет салуға кіріседі: конструкциялық шешімін табады, түстік шешімін анықтайды, қағаз бетіне дұрыс орналастырып орындайды.
IV. Қорытынды (сұрақ-жауап)
1-сұрақ
Натюрморт жанрында еңбек еткен қазақ суретшілерінің ішінен кімнің есімі аталады? — А. Ғалымбаева.
2-сұрақ
Натюрмортты бейнелеу неше кезеңнен тұрады? — 4 кезеңнен.
3-сұрақ
Қосымша түстер дегеніміз не? — бояуларды бір-бірімен араластыру арқылы алынатын түстер.
V. Үй тапсырмасы
Акварель бояуымен алманың суретін салу.