Ақтөбе облысының жерінің көлемі

«Атажұрт» интеллектуалды ойыны

Бұл ойын 7–9-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады. Ойынның мақсаты — оқушылардың шығармашылығын арттыру, өз бетімен іздену дағдыларын дамыту, сабақта алған білімін өмірде қолдануға үйрету және тарихи шежіре мен ұлттық мәдениеттің рухани-танымдық құндылықтарын жас ұрпақтың сана-сезіміне сіңіру.

Көрнекіліктер

  • «Атажұрт» плакаты
  • «Өткел», «Белес», «Бекет», «Асу», «Жерұйық» атаулары жазылған таспалар мен бейнелер

Қатысушылар

А тобы

«Атамекен»

Б тобы

«Мұғалжар»

Ойынның рухани өзегі

Асан қайғы бабамыздың «қадірді білу» туралы даналық сөзін бағдар ете отырып, ойын қатысушыларды туған жердің, елдің, жұрттың бағасын терең түсінуге жетелейді.

Ойын құрылымы

I бөлім — «Өзін-өзі таныстыру»

Командалық таныстырылым

Екі команда ортаға шығып, өз құрамын, атауын және ұстанымын қысқаша таныстырады.

II бөлім — 1-тур «Өткел»

Топ басшыларына 5 сұрақ

Әр сұрақтың құны — 4000 ұпай. Алдымен «Мұғалжар» командасы бастайды.

I топ — «Мұғалжар» (топ басшысы)

  1. Ақтөбе облысының жер көлемі?

    Жауабы: 300,6 мың км²

  2. Ақтөбенің іргетасы қай жылы, қай айда қаланды?

    Жауабы: 1868 жыл, 14 мамыр

  3. Ақтөбе облыс болып қай жылы жарияланды?

    Жауабы: 1932 жыл, 10 наурыз

  4. Ақтөбе облысында неше әкімшілік аудан бар?

    Жауабы: 12

  5. Ақтөбе облысының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы қанша?

    Жауабы: 600–700 км

II топ — «Атамекен» (топ басшысы)

  1. Ақтөбе облысы жер көлемі бойынша Қазақстанда нешінші орында?

    Жауабы: 2-орын (Қарағанды облысынан кейін)

  2. Ақтөбеден 35 шақырым жерде Есет батыр кесенесі қай жылы тұрғызылды?

    Жауабы: 1992 жыл

  3. Ақтөбеде Кеңес өкіметі қашан орнады?

    Жауабы: 1918 жыл

  4. Ақтөбе облысының батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы қанша?

    Жауабы: 700–800 км

  5. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қай жылы ашылды?

    Жауабы: 1929 жыл, 25 тамыз

II бөлім — 2-тур «Белес»

Әр дұрыс жауап: 5000 ұпай

Қатысушылар жауап беру кезінде көмекті пайдалана алады.

Ереже: дұрыс жауап берілмесе, сондай-ақ кезекті келесі топқа бермей кідірткен жағдайда ұпай шегеріледі.

Бұл турды алдыңғы кезеңде жеңген команда бастайды.

I топқа сұрақтар

1) 1693–1748 жж. өмір сүрген, Кіші жүз атынан Ресей патшалығымен келіссөз жүргізген атақты қолбасшы, мемлекет қайраткері кім?

Көмек: Кіші жүздің ханы

Дұрыс жауабы: Әбілхайыр

2) Тегі Молдағұлов: теміржол саласында қызмет еткен, Әулиеата–Түркістан–Сібір теміржолында саяси қызмет атқарған, Мәскеу мен Ленинградта әскери-терімжол академиясында оқыған тұлға кім?

Көмек: Кеңес Одағы Батырының нағашы ағасы

Дұрыс жауабы: Әбубәкір

II топқа сұрақтар

1) «Азия дауысы» фестивалінің жүлдегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, 1997 және 1999 жылдары ҚР Президенті сыйлығының лауреаты. «Бозжорға», «Ауылға», «Түркістан» әндерінің авторы. Кім және қай ауданнан?

Көмек: Жем өзені ағып жатыр

Дұрыс жауабы: Бейбіт Оралұлы, Мұғалжар ауданы

2) Мұғалжар ауданында орналасқан, 1966–1997 жылдары аудан орталығы болған; Жұбановтар мұражайы, аурухана, баспахана, мәдениет үйі, 5 мектеп, пошта бөлімшесі бар елді мекен қалай аталады?

Көмек: 1966–1997 жж. аудан орталығы болды

Дұрыс жауабы: Ембі

III бөлім — «Бекет»

Жанкүйерлерге арналған

Команда жанкүйерлеріне сұрақ қойылады. Әр сұраққа екі рет жауап беруге мүмкіндік бар.

1-топқа

Қазақтың тұңғыш академигі, геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Қ. И. Сәтбаев қай жерде дүниеге келген?

Дұрыс жауабы: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы

2-топқа

Арыс өзеніне Сырдарияның құяр сағасына таяу орналасқан, XIX ғасырдың ортасынан бастап Фараб деген атпен белгілі қала қалай аталады?

Дұрыс жауабы: Отырар

IV бөлім — «Асу»

12 аудан • 12 сұрақ

«Асық ойнаған — азар, доп ойнаған — тозар, бәрінен де мал бағып, білім қуған — озар».

Тақтада 12 терезе беріледі. Әр терезе Ақтөбе облысының бір ауданына қатысты сұрақтан тұрады.

I — Мұғалжар ауданы

Жем өзені бастауын қайдан алады?

Дұрыс жауабы: Мұғалжар тауының оңтүстік-батысынан

II — Ырғыз ауданы

1843–1919 жж. өмір сүрген, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, Ырғызда туған батыр кім?

Дұрыс жауабы: Амангелді Үдербайұлы Иманов

III — Темір ауданы

1980 жылы құрылған «Жібек жолы» эстрадалық тобының жетекшісі кім?

Дұрыс жауабы: Амангелді және Амангүл Сандібаевтар

IV — Байғанин ауданы

Сағыз алабында ұзындығы 58 км болатын, ағысы жер бедеріне байланысты кері бағытталған өзен қалай аталады?

Дұрыс жауабы: Терісаққан

V — Әйтеке би ауданы

1957 жылы дүниеге келген өнер зерттеушісі, «Мұрагер» фольклорлық-сазды ансамблін ұйымдастырған, «Домбыра үйренейік» хабарын жүргізген сазгер кім?

Дұрыс жауабы: Райымберген Әбділхамит

VI — Ойыл ауданы

Ұлы Отан соғысы жылдары Ойыл ауданындағы «Құрман» ұжымшарында тарыдан әлемдік рекорд жасаған кім?

Дұрыс жауабы: Шығанақ Берсиев

VII — Қарғалы ауданы

Қандыағаш тоғайында (5 га) басқа жерде өспейтін реликті өсімдікті атаңыз.

Дұрыс жауабы: Жабысқақ қандыағаш, сүйел шөп

VIII — Қобда ауданы

Қобда ауданының барлық аумағын қамтитын табиғат зонасы қандай?

Дұрыс жауабы: Құрғақ дала зонасы

IX — Шалқар ауданы

Шалқар қаласы маңындағы минералды сулар қай жылы ашылды?

Дұрыс жауабы: 1957 жыл

X — Алға ауданы

Бесқоспа туралы «Бес өзен келіп тоғысқан…» деп жырлаған ақын кім?

Дұрыс жауабы: Ізтай Мәмбетов

XI — Хромтау ауданы

Кемпірсай сілеміндегі хромит кен орны 1933 жылы гидрогеологиялық барлау кезінде ашылған. Ашқан кім?

Дұрыс жауабы: С. А. Жутеев

XII — Мәртөк ауданы

Мәртөк ауданының ең басты өзенін атаңыз.

Дұрыс жауабы: Елек өзені

Осы бөлімнен кейін жеңімпаз команда анықталып, келесі кезең — «Жерұйық» бөліміне өтеді.

V бөлім — «Жерұйық»

Қорытынды сұрақ

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы аумағындағы Тәуіп жері мен Нұра елді мекені маңында жалпы көлемі 348 мың км² аумақты қамтитын Торғай мемлекеттік қорықшасы құрылған.

Қорықша көлдерінде жылына 1000 тоннаға дейін балық ауланады. Бұл Ақтөбе облысында ауланатын балықтың шамамен 99%-ын құрайды.

Сұрақ: Торғай мемлекеттік қорықшасы қай жылы құрылды?

Дұрыс жауабы: 1968 жыл