Шығармашылық сұрақ

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже

  • Оқушылардың білім-біліктілігін сұрақ-жауап арқылы анықтау.
  • Әр оқушының өзіндік ойын дәл әрі мәдениетті жеткізуін дамыту.
  • Суды қорғау мен үнемдеудің маңызын түсіндіру, жауапкершілікке шақыру.

Күтілетін нәтиже

  • Ойын жүйелі, нақты жеткізе алады.
  • Тапсырма нәтижесін көрсетіп, қорғай алады.

Сабақтың форматы

Түрі

Жаңа сабақ.

Тақырыбы

Өзендер мен көлдер. Судың адам тіршілігіндегі маңызы және оны қорғау.

Әдіс-тәсілдер

Блум таксономиясы «Алтын балыққа арналған аквариум» «Білемін — Білгім келеді — Білдім» «Ойлан, жұптас, бөліс» Бес жол өлең Диалог Жұптық жұмыс Постермен жұмыс Топтастыру

Көрнекіліктер

Физикалық карта, слайдтар, суреттер, үлестірмелі «тамшылар», аққала суреті.

Сабақтың басталуы: психологиялық дайындық

Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін төмендегі тілек айтылады:

Күн мен түнді сүйемін,
Басымды соған иемін.
Нұр, мейірлі шуақ бер,
Ырыс, несібе, қуатпен.

I. «Алтын балыққа арналған аквариум»

Тақтаға бір оқушы шығады. Қалған оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап арқылы білім деңгейін анықтайды.

Топ атаулары

Мұхит

Топ атаулары

Теңіз

Топ атаулары

Өзен

Дәптермен жұмыс

Күн жадын жазу. Тақырыпты тіркеу.

II. «Білемін — Білгім келеді — Білдім» (қызығушылықты ояту)

Оқушылар өзен мен көл туралы не білетінін және нені білгісі келетінін жазады. Бұл кезең оқу мақсаттарын нақтылауға көмектеседі.

Үлгі сұрақтар

  • Жайық өзенінің ұзындығы қанша?
  • Бейнеу ауданында өзен бар ма?
  • Мұхиттың ең терең жері қанша метр?
  • Балқаш көлінің суы неге екі түрлі?
  • Каспий теңізі неге тұзды?

Проблемалық сұрақтар

  • Жер шарының неше пайызы судан тұрады?
  • Жер шарында неше мұхит бар?
  • Қандай теңіздер, өзендер мен көлдерді білесіңдер?
  • Каспий суын ауызсуға айналдыру үшін қандай тәсілдер қолданылады?

III. Оқулықпен жұмыс: «Ойлан, жұптас, бөліс»

Оқушылар мәтінді оқып, жұптасып талқылайды, кейін сыныппен бөліседі. Мұғалім негізгі деректерді нақтылап, түсіндіреді.

Негізгі мәліметтер

  • Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мыңға жуық өзен бар.
  • Олардың ішінде жеті өзеннің ұзындығы 1000 км-ден асады.
  • Ірі көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл.
  • Жазықтағы өзендер көбіне баяу ағады, тау өзендерінің ағысы қатты болады.
  • Жайық өзені Каспий теңізіне құяды.

IV. Шығармашылық жұмыс (топтық тапсырмалар)

I топ

«Өзен» және «көл» сөздеріне бес жол өлең құрастыру.

II топ

«Суды қорғау» тақырыбына суретті сызба (постер) жасау.

III топ

Тақырып бойынша сан есім қатыстырылған сөйлемдерді теріп жазу.

V. Картамен жұмыс және сергіту

Физикалық карта бойынша

Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді табу: Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу.

«Молекула» ойыны

Шарты: «өзен» сөзін естігенде — жұп санмен, «көл» сөзін естігенде — тақ санмен тізбектеліп жұптасу.

Мақалды жалғастыр

Мақсаты: түсіп қалған сөзді табу және мағынасын ажырату.

I топ

Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас.

II топ

Сөздің басы — құлақ, судың басы — бұлақ.

III топ

Азған елде намыс жоқ, сусыз жерде қамыс жоқ.

VI. «Аққала құрастыру»: Блум таксономиясы бойынша сұрақтар

Оқушылар сұрақтарға кезең-кезеңімен жауап беріп, білімін жинақтайды. Әр деңгей — ойлаудың келесі баспалдағы.

Қарапайым сұрақ

Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді тап.

Дәлелдеуші сұрақ (жұмбақ)

Еліміздегі ең сулы өзен,
Таситын кезі — ең жылы кезең.
Шаруашылықта маңызы зор,
Табасың оны ойлансаң, сезем.

Жауабы: Ертіс

Интерпретациялық сұрақ

Неліктен суды қорғауымыз керек?

Шығармашылық сұрақ

Егер Жер бетінде су жойылып кетсе, онда не болар еді?

Практикалық сұрақ

Егер сен су болсаң, адамдарға не айтар едің немесе не істер едің?

Бағалау сұрақтары

  • Сабақ несімен ұнады? Неліктен?
  • Қай тұсы қиын болды немесе ұнамады? Неге?

VII. Кеңейту: ЭКСПО-2017 және су энергиясы

Талқылау сұрақтары

  • ЭКСПО-2017 көрмесіне кім барды?
  • Қандай энергия көздері туралы айтылды?
  • Су энергиясын не үшін пайдалануға болады?
  • Су энергиясын тиімді қолданудың жолдары қандай?

Жазылым

«Суды үнемдеу» тақырыбына эссе жазу.

Қорытындылау

«БББ» әдісі арқылы не үйренгенін жинақтау, күнделікке жазу және бағалау.