Тік төртбұрыш тәріздес бөлме еденінің ауданын тап
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Мұғалім
Джанасова Сания Жанболатовна
Тақырып
Көлем. Көлем бірлігі — см3 (куб сантиметр).
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгеру.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды сыйымдылық және көлем ұғымдарымен таныстыру. Көлемнің өлшем бірліктерін енгізу: 1 л және 1 см3.
Дамытушылық
Есептеу дағдыларын қалыптастыру; көлемді табу және есептерді шығару біліктерін дамыту.
Тәрбиелік
Меңгерген математикалық білімді өмірде қолдануға жан-жақты бағыттау.
Көрнекілік және әдіс-тәсілдер
Көрнекілік
- Флипчарт
Әдіс-тәсілдер
- Топтық жұмыс
- Сұрақ-жауап
- Практикалық жұмыс
- Талдау
- Көрнекілік
- Жекелей жұмыс
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Оқушыларды топтарға бөлу.
- Психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан әр күнге.
2) Үй тапсырмасын тексеру
№4. Есептерді шығар:
- Тік төртбұрыш тәріздес бөлме еденінің ауданын тап. Бөлме еденінің ұзындығы — 6 м, ені — 4 м.
- Тік төртбұрыш тәріздес бөлме еденінің ауданын өрнек түрінде жаз. Ұзындығы — 6 м, ені — x м.
- Тік төртбұрыш тәріздес сынып бөлмесі еденінің ені — 5 м, ауданы — 30 м2. Ұзындығын тап.
Сұрақ
Аудан дегеніміз не?
Сұрақ
Ауданды қалай табамыз?
Сұрақ
Ауданның өлшем бірліктерін ата.