Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру

Ойын технологиялары қолданылған сабақ: ойын — сабақ, өнер — білім

Бұл жоспар 2-сынып оқушыларына арналған ойын-сабақ үлгісін ұсынады. Негізгі идея — қимыл-қозғалыс қасиеттерін ойын арқылы кешенді дамыту, ал дәстүрлі сюжеттік рөл арқылы оқушының белсенділігін арттыру.

Сабақтың тақырыбы

Қимыл-қозғалыс қасиеттерін кешенді дамыту

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың қимыл-қозғалыс қасиеттерін бағалау

Сабақтың типі

Оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеру сабағы

Сабақтың түрі

Ойын-сабақ

Міндеттері

Дидактикалық

  • Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру.
  • Жаттығуларды «Қара жорға» би элементтері арқылы бекіту.
  • Жаттығулар мен ойын тапсырмаларын орындауын бақылау.

Дамытушылық

  • Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Жаттығуды шығармашылық тұрғыда орындауға ықпал ету.

Тәрбиелік

  • Достық көмекке, ұжымдық қолдауға тәрбиелеу.

Сауықтыру

  • Жаттығулар кезінде дұрыс тыныс алуға үйрету.
  • Ойын барысында барлық сынақтан өтіп, қозғалыс белсенділігін арттыру.

Сабақ соңындағы күтілетін нәтиже

Оқушылар нені біледі

  • Сұрақ-викториналардың жауаптарын.
  • «Күзетші мен Ақбақай және қояндар» және «Жарық доп» ойындарының тәртібін.
  • Әр өнердің болашақта кәсіпке айналуы мүмкін екенін.

Оқушылар нені істей алады

  • Жаңа әрі күрделі жаттығуларды орындай алады.

Ойынның сюжеттік рөлі

Оқушылар сабақ барысында жайлауға көшкен ауылдарға ерулік айтушы қонақтар рөлін сомдайды. Қонақтар бірнеше «өнерлі ауылдардың» үстінен өтіп, салт-дәстүр бойынша қонақ кәде ретінде ауыл иелерінің талаптарын орындайды. Осы арқылы олар өз өнерін, ептілігін және жан-жақты білімін көрсетеді.

Дайындық кезеңі

Құралдар

  • Доптар
  • Қадақтар
  • Ағаш аттар
  • Су сорғыштар
  • Жеміс муляждары
  • Қазандар, ыдыстар

Ілетін материалдар

  • Ауыл атаулары
  • Бекеттер

Алдын ала дайындық

  • Сұрақ карталары
  • «Қара жорға» биінің әуені
  • Мультфильм кейіпкерлерінің қиындылары (пазл)

Ұйымдастыру және бағалау

Сабақты ұйымдастыру

Сынып оқушылары «қонақтар» рөлінде болады. Әр бекетте тапсырманы орындап, келесі ауылға өтеді.

Бағалау жүйесі

Сабақ барысында әр топ ұпай жинайды. Ұпай дұрыс жауапқа және тапсырманы дұрыс орындауға беріледі.

Ойындар мен тапсырмалар

«Күзетші мен Ақбақай және қояндар»

Оқушылардың ішінен Күзетші және Ақбақай (ит) тағайындалады. Қалғандары — қояндар.

Алаңды белгілеу

  • Залдың бір бөлігі — қояндардың іні, екінші бөлігі — бақша.
  • Бақшаның сыртында Күзетшінің «үйі» орналасады.
  • Зал ортасынан 40–60 см биіктікте жіп тартылып, «қорған» белгіленеді.

Ойын ережесі

  1. Белгі бойынша қояндар қорғаннан өтіп, бақшаға кіреді.
  2. Бақша ішінде қояндар қос аяқтап секіріп қозғалады.
  3. Кезекті белгіде Күзетші қояндарды «атайды» (алақанын үш рет соғады).
  4. Қояндар жіпке тимей, жіптің астынан өтіп індеріне қашуы керек.
  5. Үшінші соққы кезінде Ақбақай үлгермей қалған қояндарды «қағады» (қолымен жеңіл түрту).

Маңызды шарттар

  • Қорғаннан өтіп кеткен қояндарды қууға болмайды.
  • Ұсталған қояндар орнында қалады, қолын көтеріп белгі береді; мұғалім санын тіркейді.
  • Кейін ұсталған қояндар қайта ойынға қосылады.
  • Күзетші мен Ақбақайды жиі ауыстырып отырған дұрыс; тағайындауда санамақ қолдануға болады.

«Жарық доп»

Бірінші қатардағы оқушылар — жарық доп, екінші қатар — насос. Бұл ойын тыныс алу дағдысын және денені бақылауды дамытады.

Бастапқы қалып

  • «Доптар» тізесін бүгіп тұрады.
  • Қол-аяғы мен денесі босаңсиды, басы төмен салбырайды.

Орындау

  1. «Насос» үрлеуді бастайды және «с-с-с» дыбысын шығарады.
  2. Доп біртіндеп «үрленеді»: дене түзеледі, бас көтеріледі, екі ұртқа ауа жиналады.
  3. Толық «үрленгенде» доп «ш-ш-ш» дыбысымен дем шығарып, қайта бастапқы қалпына келеді.

«Ұстаздар ауылының» тапсырмасы

Әр топқа мультфильм кейіпкерінің қиындылары беріледі. Оқушылар кезекпен барып, кейіпкер бейнесін құрастырады. Тапсырма топтық үйлесімділік пен назарды күшейтеді.

«Билер ауылының» сұрақтары (викторина)

Сұрақ Жауап
1) Тазалық ненің кепілі? Денсаулық
2) Бойыңды сергек ұстау үшін не істеу керек? Жаттығулар жасау
3) «Бес тас» ойыны немен ойналады? Асықтармен
4) Денсаулық — зор ...? Байлық
5) Шылым шегуге қай жастан рұқсат етілген? Мүлде болмайды
6) Жылқының баласын қалай атайды? Құлын
7) Балаға ең жақын адам кім? Ата-анасы