Қапаланбаңыз патшам

Балабақшамен қоштасу: «Қош бол, балабақшам»

Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Бүгін «Ертегі» мектепалды даярлық тобының «Қош бол, балабақшам» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бұл күн — балғын бүлдіршіндердің балабақшамен қимастықпен қоштасып, мектепке қадам басар қуанышты сәті.

Жүргізушілердің құттықтауы

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, армысыздар! Бәріңіз де есен-аман бармысыздар? Таусылмайтын ой-арманыңды ақтарып, бүгінгі кешке ақ жол тілеп сөз бастайық.

2-жүргізуші: Қоштасу кеші! Бәрін шақырдық па мерекеге?

1-жүргізуші: Ешкімді ұмытқан жоқпыз ба? 2-жүргізуші: Жоқ.

2-жүргізуші: Қуанышымыз мол — мектепке жол тарттық! Ұмытпаймыз өзіңді, балабақшам, қош сау бол!

Сахналық көрініс

«Қоштасу вальсі». 2012 жылғы балдырғандарды қарсы алыңыздар! Балалар шарлармен кіріп, жарты шеңберге тұрады.

Тақпақтар: балабақшаға алғыс

Ортақ шумақ

Балабақша, балабақша — шаттықтың шаңырағы.
Балабақша — балғын сәби жастықтың қорғаны.
Қуанамыз, сыйлаймыз қуаныштың мың гүлін,
Бақшамызбен қимай біз қоштасатын күн бүгін.

Санжар

Балабақша есігін үшке тола ашқанбыз.
Едік аппақ нәресте, көп бөбекті көргенде
Жұбанғаным есімде.

Нұрай

«Ботақаным, бөбек» деп еркелеткен ұл-қызын —
Анамызды ерекше қуантатын күн бүгін.
Өсті міне бойымыз, қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз!

Ахмет

Бұл қуаныш себебін бізге қарап ұғарсың:
«Ер жетті» деп бөбегің — туған Отан қуансын!

Тимур

Оқимыз, білім аламыз — болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып, біріншіге барамыз.

Раушан

Балабақша — базарлы үй, көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақта — өз үйіміз сияқты.
Мектепке енді барамыз, үлгілі оқушы боламыз,
Жақсы оқып сабақты, кілең бестік аламыз.

Азамат

Мәпелеген анамыз — бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз, оқып білім аламыз.

Гүлназ

Мектепке енді барамыз — оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз, бақшаға келіп тұрамыз.

Әндер мен би

  • Ән: «Қош бол, балабақшам»
  • Ән: «Балабақшам» (ән соңында шарлар жоғары ұшырылады)
  • Би: «Қаражорға»
  • Оркестр, ән: «Тұлпарым»
  • Ән: «Қош бол, балабақшамыз»
  • Ән: «Домбырасыз ән қайда»
  • Би: «Атамекен»
  • Қонақтар орындауында: ағылшын тіліндегі ән

Ертегідей көрініс: Патша мен ханшайым

Есіктен жылаған дауыс естіледі: «Мен бәрібір мектепке барамын!» Күтушілермен бірге Патша кіріп келеді. Ол: «Мектепке жібермеймін! Оқу — патшалықтың ісі емес!» — деп қасарысады.

Жүргізушілер Патшаны сабырға шақырып, балалардың өнері арқылы ханшайымның талабын қолдайды. Ойын, би, ән және оркестрлік сүйемелдеу — бәрі де мектептің мәнін: үйрену, дамуға ұмтылу, бірге болу екенін көрсетеді.

Ойындар мен тапсырмалар

  • Ойын: «5-ті қағып ал»
  • Логикалық сұрақ: 4 баланың неше құлағы бар?
  • Логикалық сұрақ: 5 әтеште неше құйрық бар?
  • Логикалық сұрақ: Көгалда 7 қоян отыр еді, аңшы атқанда қашып кетті. Көгалда неше қоян қалды?
  • Логикалық сұрақ: Қақпаның арғы жағында 8 құлақ көрінеді. Неше мысық тығылған?
  • Ойын: «Портфельді жина»

Тапсырмалардан кейін ханшайымның сенімі күшейіп, мектепке баруға шешім қабылдайды.

Осы кезде Емеля келіп, Патшаның ойын өзгертеді: білімсіз адамның ақшаны да санай алмайтынын, жазып қол қоя да білмейтінін, өзгелердің мазақ етуі мүмкін екенін айтады. Патша ойланып: «Оқымысты болған жақсы. Әйтпесе бәрі алдап кетеді», — деп келісімін береді.

Алғыс айту: балабақша ұжымына ризашылық

Балалар балабақшадағы апайларына, қызметкерлерге және тәрбие берген жандарға жүрекжарды алғыстарын жеткізді.

Данияр

Ұстаздардың ұстазы, тәрбиенің ұстасы — меңгеруші апайға ата-ана да, бала да ризашылығын білдіреді. Қамымызды ойлаған Алтыншаш Есенқызына мың алғыс!

Әдіскер апайымыз Райхан — ақылы мен көркі сай. Аман болыңыз, апатай!

Нұрсұлтан

Талай баспалдақты аттасақ та, сізден алған ақылды өмір бақи есімізде сақтаймыз. Гүлмира, Келісті апайлар — үлкен рахмет!

Ислам

Балабақша қызметін иығына көтерген, дәмді тағамның уақытылы келуіне еңбек еткен қоймашы Айман апайға мың алғыс!

Тәрбиешілер Бағдагүл, Ғайникамал, Құндыз апайлар — еңбектеріңізді ақтаймыз.

Жанель

Асымызды дәмді етіп, көңілімізді тоқ қылған аспазшылар Жанат, Баян апайларға рахмет!

Әнуар

Жазу жазып үйреткен, әріп танытқан, санауды меңгертеп, қателессек кешірген Райса, Гүлдана апайларға мың алғыс!

Абай & Назерке

Денсаулығымызды бақылап, қамқорлық танытқан дәрігер апайларға мың рахмет! Бізді баптап, ақ төсекке жатқызып, басымыздан сипаған Шынар апайға көп рахмет!

Күлкілі көрініс: «Абайдың соңынан кім келеді?»

Сахнада Абай мектепке бара жатқанда артынан анасы, әкесі, әжесі, атасы «көмектесеміз» деп ілесе береді. Бірақ балалар: «Өзі!» — деп жауап беріп, баланың дербестігі мен сенімін алға шығарады.

Қорытынды сөз және тілек

Балалар бүгін өнерлерін аямай, барын салды. Енді олардың жүрегі лүпілдеп, мектепке нық қадам басқалы тұр.

«Қуанышымыз мол — мектепке жол тарттық! Ұмытпаймыз өзіңді, балабақшам, қош сау бол!»

Ендігі сөз кезегі балабақшамыздың меңгерушісі Алтыншаш Есенқызына берілді. Ол балаларды құттықтап, алғыс хаттар мен марапаттамаларды табыстады.

Имангалиева Р. С.