Жануарлар тіршілігі

Дүниетану · 1-сынып

Сабақ жоспары: Аңдардың қысқы тіршілігі

Бұл сабақта оқушылар жабайы аңдардың қыс мезгіліндегі тіршілігімен танысып, табиғатты қорғау мен жануарларға қамқорлық жасаудың маңызын түсінеді.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Аңдар туралы білімді жинақтау, тақырыпқа қатысты сөздерді меңгерту.

  • Дамытушылық

    Логикалық ойлауын, тіл байлығын, сөздік қорын және ойлау қабілетін дамыту.

  • Тәрбиелік

    Қоршаған ортаны қорғауға, жануарларды аялауға және қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Түрі
Аралас сабақ, жарыс элементтерімен.
Әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, пәнаралық байланыс (еңбек).
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, сөзжұмбақ, электронды оқулық, суреттер/слайдтар, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Өлең жолдары

Армысың, шапағатты күніміз,

Армысың, мейірімді жеріміз,

Армысың, табиғат — анамыз,

Келді сізге өзіңіздің балаңыз.

Әңгімеге жетелеу сұрақтары

  • Өлең не туралы?
  • Табиғат туралы қай кітаптан оқып білеміз?
  • Бүгінгі дүниетану сабағында қандай ұғымдарды қарастырамыз?

2) Үй тапсырмасын тексеру: Өсімдіктердің қысқы тіршілігі

Үлестірмелі қима қағаздар арқылы топтық сұрақтар қойылады.

1-топ

  • Өсімдік деген не?
  • Өсімдіктің неше тобы бар?

2-топ

  • Өсімдік кімдерге және нелерге керек?

3-топ

  • Өсімдіктің пайдасы қандай?
  • Өсімдік өсуі үшін не керек?

3) Қайталау: «Оқу — білімнің анасы»

Өсімдік — тірі ағза

  • Тыныс алады
  • Өседі
  • Көбейеді
  • Қоректенеді
  • Қурайды

Өсімдіктің адамға пайдасы

Сусын Тағам Ауа Кітап (қағаз) Жеміс

4) «Ойлайық та шешейік»: сөзжұмбақ

Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыптың атауы анықталады.

  1. 1. Жыл мезгілі?

  2. 2. Ағаш түрі?

  3. 3. Судың түсі қандай?

  4. 4. Күн бізге не береді?

  5. 5. Қыста не жауады?

Қорытынды

Бүгінгі тақырыбымыз — «Аңдардың қысқы тіршілігі».

5) Жаңа тақырыпты ашу: жабайы аңдар және қорықтар

Жетекші сұрақ

Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген. Оларды қорғау үшін арнайы қорықтар ұйымдастырылған.

Табиғатты қорғау мысалы

Мысалы, Үстірт қорығы 1984 жылы ашылған. Бұл қорықта қорғауға алынған жануарлар мекендейді. Олардың бірқатары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

6) Электронды оқулықпен жұмыс

а) Мұғалімнің жұмысы

Мәтінді оқып береді, түсіндіреді.

ә) Оқушының жұмысы

Жекелеген оқушыларға мәтінді оқыту.

7) Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап —

Көжегі екен өзінің.

8) «Кім жылдам?» ойыны: жұмбақтар

Оқушылар жылдам ойлап, жануарларды сипаттамасына қарай табады.

а)

Ит сияқты пішіні, ұнатпайды кісіні.

ә)

Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.

б)

Аузы бейне шалғы орақ, шөп емес, бірақ мал орады.

9) Топтық жұмыс: жануарлардың қысқы тіршілігі

Әр топ ермексазбен жануардың мүсінін жасап, оның қыстағы тіршілігі туралы қысқаша әңгімелейді.

1-топ: Қоян

  • Ермексаздан қоянның мүсінін жасайды.
  • Қоянның қыстағы тіршілігі туралы айтады.

2-топ: Қасқыр

  • Ермексаздан қасқырдың мүсінін жасайды.
  • Қасқырдың қыстағы тіршілігі туралы айтады.

3-топ: Тиін

  • Ермексаздан тиіннің мүсінін жасайды.
  • Тиіннің қыстағы тіршілігі туралы айтады.

10) Рефлексия: «Не білдім? Не үйрендім?»

Не білдім?

Аңдардың қыс мезгілінде тіршілік ету тәсілдері туралы.

Не үйрендім?

Табиғатты қорғау, жануарларға жанашырлық таныту және қамқор болу.

11) Сабақты қорытындылау

Шығармашылық бөлім

Оқушылар аңдар туралы тақпақтар айтады.

Аңдардың пайдасы

  • Терісі киімге жарайды
  • Құйрығы жағаға пайдаланылады